astana-view

Қазақстанды жаулап алған мамандық: кәсіпкерлер мобилографияны тегін оқиды

2022 жылғы 16 Қараша
- Алматы қаласы
7326 просмотров

15 қарашада Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының Алмалы аудандық филиалының бизнес иелері үшін заманауи бейне трендтерді оқыту жобасы басталды. Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы шеңберінде оқыту әйел кәсіпкерлері үшін тегін және бизнесті медиа кеңістікте ілгерілету мақсатында іске асырылады.

Мобилография бойынша бірнеше лек жоспарланған және сабақтар аптасына екі рет өтеді. ӨКП-ны Алмалы аудандық филиалының директоры Темірлан Мәдиевтің айтуынша, көптеген өтінімге байланысты курсты мерзімінен бұрын жабуға тура келді. Бірінші стартқа 18-ден астам адам қатысты. Оқытуды мобилограф, видео монтаждау бойынша сарапшы Дана Тәшімова жүргізеді. Ол графикалық дизайн саласында 6 жыл фрилансингпен айналысқан.

«Алмалы ауданының филиалы тұрақты негізде бизнестің мемлекеттік қолдау қажеттіліктеріне мониторинг жүргізеді. Жүргізілген сауалнамалардың қорытындысы бойынша кәсіпкерлер арасында бизнесті жүргізу үшін мобилография дағдыларын зерделеу қажеттілігі анықталды. Осыған байланысты Алматы қаласының ӨКП алаңында Әйелдер кәсіпкерлігі орталығымен бірлесіп «мобилография негіздерінің курстары» атты оқу ұйымдастырылды. Бұл біздің кәсіпкерлер үшін пайдалы болады деп шын жүректен үміттенеміз», – дейді Темірлан Мәдиев.

Естеріңізге салсақ, кәсіпкерлер мобилографияның негізгі дағдыларын, видео монтаждауды және әртүрлі форматта түсіруді үйренеді.

«Мен үнемі қозғалыста болатын кәсіпкер ретінде әрқашан жаңа нәрселерді іздеуге тырысамын. Мен мобилографияны оқыту туралы естігенде қатты қуандым, өйткені өзім монтажға қызығушылық танытамын. Енді практиканы оны теориямен бекіте аламын. Ұйымдастырушыларға осындай мүмкіндік үшін алғыс айтқым келеді, қазіргі уақытта тегін оқу курстары сирек кездеседі», – дейді кәсіпкер Шынар Баймұханова.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер