astana-view

Колледждер кәсіпорындарда сұранысқа ие мамандарды дайындауы керек - «Атамекен» Павлодар палатасы

2022 жылғы 17 Қараша
- Павлодар облысы
5692 просмотров

Жұмыс берушілер күні Павлодар облысының колледждерінде аталған оқу орындарының түлектері жұмысқа орналасқан жұмыс берушілермен кездесулер өтті. Павлодарлық «Атамекен» ӨКП іс-шараларға қатысып, қазіргі таңда кәсіпорындарға қажетті кадрларды дайындаудың маңыздылығын атап өтті.

«Бүгінде білім саласы өндіріс талаптарына сай болуы керек және Павлодар облысының колледждері дәл қазір облыс кәсіпорындарына қажетті мамандарды дайындауы қажет», - деді Әлия Түсіпбекова, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің сарапшысы, Жұмыс беруші күніне арналған электроника және байланыс жоғары колледжінде өткен жиында.

Жұмыс берушілер күні бүкіл Қазақстанда аталып өтті. Павлодарда осы датаға арналған іс-шаралар барлық орта арнаулы оқу орындарында өтті.

Электроника және байланыс жоғары колледжінде Павлодар облысының білім басқармасының басшысы мен кәсіпорын директорларының қатысуымен диалог алаңы ұйымдастырылды. Пікірсайыс мамандарды даярлау сапасын арттыру үшін колледждер мен жұмыс берушілер арасындағы одан әрі тиімді ынтымақтастық мәселелеріне арналды. Осы жерде «Атамекен» Павлодар облыстық палатасының білім саласы еңбек нарығында шынымен де қажет мамандарды дайындауы керектігі туралы позициясы айтылды.

«Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасы білім басқармасымен бірлесе отырып, дуальды оқыту бойынша жұмыс жүргізуде», - деді А.Түсіпбекова.

Ол қазіргі уақытта оқу уақытының жартысы колледж қабырғасында емес, дәл кәсіпорында өтетін дуальды оқыту мүмкіндіктерін оқытуда пайдалану қаншалықты маңызды екенін айтты. Ал Павлодар монтаждық колледжінде жұмыс берушілер күні аясында кездесу өтті, онда қонақтарға түлектерге еңбек нарығына бейімделуіне көмектесу үшін Павлодар облысының кәсіпорындарымен өзара әрекеттесу жүйесі көрсетілді. Мекеме қонақтары үшін және «Қазақстан алюминийі» АҚ, «Электро Сервис-Кереку» ЖШС, «Литон» ЖШС, ПСУ-2, ТОО «Dom story-PV», «Магистраль-ЕВ» ЖШС, «ПМЗК-Имсталькон» ЖШС өкілдері мен менеджерлеріне экскурсия ұйымдастырылды.

Сондай-ақ жұмыс берушілермен пікірталас өтті, онда Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының сарапшысы Әлия Түсіпбекова дуальді оқыту бойынша, колледж және жеке компаниялар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі тетіктері туралы айтты.

Осындай кездесу техникалық қызмет көрсету колледжінде де өтті. Колледждерде өткен үш іс-шараның соңында жұмыс берушілер Білім министрлігінің, Павлодар «Атамекен» ӨКП, білім бөлімінің және оқу орындарының алғыс хаттарымен марапатталды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер