Бизнесті тексеруге мораторийді тағы 1 жылға ұзарту жоспарлануда
«Атамекен» ҚР ҰКП-на «Қазақстан Республикасында тексерулерге және профилактикалық бақылауды барып жүргізуге мораторий енгізу туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 229 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Президентінің Жарлығының жобасы қайта қарауға түсті.
Жарлық жобасында шағын кәсіпкерлік және микрокәсіпкерлік субъектілеріне бару арқылы тексеруге мораторийді 1 жылға – 2024 жылғы 1 қаңтарға дейін ұзарту, сондай-ақ Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүргізілетін жоспардан тыс тексерулерді мораторий қолданысынан шығару көзделеді.
Жарлықтың жобасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14262882
Ұсыныстарды 2022 жылғы 26 қазанға дейінгі мерзімде мына поштаға жіберуге болады d.akynbekova@atameken.kz
Пікір қалдыру:
Пікірлер: