astana-view

Отандық шаруалар McDonald's компаниясын өніммен қамтамасыз етуге дайын

2022 жылғы 12 Желтоқсан
9109 просмотров

Food Solutions KZ (McDonald's Қазақстан) ЖШС атынан бас директор Әсет Машанов қазақстандық кәсіпкерлерге қазіргі геосаяси жағдай аясында жергілікті өнімді қабылдауды арттыруды ұсынды. Отандық өндірушілер халықаралық брендке қолдау көрсетті және импортты алмастыру бағытында ынтымақтастық орнатуға дайын.

Вице-премьер Серік Жұманғариннің тапсырмасына сәйкес, ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті мемлекеттік органдар, бизнес және ұлттық компаниялар өкілдерінің қатысуымен McDonald's тап болған түйткілді мәселелерге қатысты онлайн кеңес өткізді.

Кездесу бірінші кезекте жүктерді кедендік тазартуды жеделдету, сәйкестік сертификаттары, ветеринариялық сертификаттарды алу және отандық өніммен қамту мәселелері қаралды.

«Келесі аптадан жылдың соңына дейін алыс және жақын шетелден жүк келе бастайды. Қолданыстағы тәжірибе бойынша кедендік тазарту процесі, өкінішке қарай, ұзақ уақыт алады, бір аптаға дейін созылады. Процесті барынша тездетуде қолдау көрсетуді сұраймыз. Әсіресе, жоғарыда аталған жүк қабылдаушылар үшін: жасыл дәліздер, еркін қолжетімді ветеринариялық бақылаушылар, кеден және сертификаттау органдарынан құжаттарды жедел алуда көмек керек», – деді Әсет Машанов онлайн-кездесуде.

Бұл орайда отандық өндірушілер Mcdonald's үшін өнімдерін жеткізуге дайын екенін жеткізді.

«Бірге жұмыс істеп көруді ұсынар едім. Бізде республикалық зертханалардың тексеруінен өткен жеке құс фабрикаларымыз бар, олар сапалы өнім ұсына алады. Логистика да арзанға шығады. Өндірушілерде барлық сертификат бар», – деп ұсынды Құс өсірушілер одағының төрағасы Руслан Шәріпов.

Сондай-ақ, Қазақстанның Сүт одағының атқарушы директоры Владимир Кожевников кәсіпкерлердің ынтымақтастыққа дайын екенін айтты.

«Атамекен» ҰКП АӨК және тамақ өнеркәсібі департаментінің директоры Ербол Есенеев өндірушілерді қолдап, McDonald's отандық өнімдермен жұмыс істей алатынын атап өтті. Спикер импортты алмастыру жөніндегі жұмыс тобын басқаруға дайын екенін айтты.

Қазақстандағы McDonald's өкілі қазіргі қиын жағдайда мейрамханалардың операциялық қызметін тезірек қалпына келтіру үшін мемлекеттік органдар мен отандық өндірушілер тарапынан көмек көрсетілгені үшін мамандарына риза болды.

 «Біз еліміздің нарығындағы қызметті жалғастыруды жоспарлап отырмыз және мейрамханалардың жұмысын қалпына келтіру үшін барынша тырысып жатырмыз. Біздің компания ірі жұмыс беруші  және жақында қазақстандық нарыққа шыққан брендті одан әрі дамытқымыз келеді. Қазіргі геосаяси жағдай бізге теріс әсер етіп жатыр, өйткені халықаралық бренд. Сондықтан, біздің мақсатымыз – барлық талап пен рәсімге сәйкес қызметті жалғастыру және одан әрі дамыту», – деп атап өтті Әсет Машанов.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер