astana-view

Қостанайда балаларға арналған "Біз біргеміз" атауымен қайырымдылық концерті өтті

2022 жылғы 15 Желтоқсан
- Қостанай облысы
7866 просмотров

Іс-шараны Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы мен Қостанай облысының әкімдігі, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалар аналарының "Радуга" қоғамдық бірлестігі қолдады.

Концертке арналған бағдарламаны облыстың полиция қызметкерлері мен шығармашылық ұжымдары дайындады. Іс-шараға Рудный балалар үйі, Сарыкөл аудандық «Өмір» атты кембағал жандар және  мүмкіндігі шектеулі балалардың аналар қоғамы, жетім балаларға арналған «Жанұя» мамандандырылған кешені және мүмкіндігі шектеулі  балалардың аналарының "Радуга" қоғамдық бірлестігінің мүшелері шақырылды.

Қостанай облыстық полиция департаментінің бастығы  Ерлан Омарбеков мұндай  іс - шара мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, ерекше қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету мүмкіндігі екенін атап өтті. 

Қайырымдылық концерті  аясында облыс меценаттарынан ерекше қажеттіліктері бар балаларды оңалту ісінде қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға көмек көрсетіліп, балаларға тәтті сыйлықтар табысталды. 

"Poltri-Agro" ЖШС Бас директоры Қайрат Маишев жаңа жыл қарсаңындағы іс-шараның маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда әрқайсымыз өскелең ұрпақтың үйлесімді дамуына үлес қоса аламыз,деді.

Қостанай облысы Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің төрағасы, "Олжа Агро" ЖШС Бас директоры Айдарбек Ходжаназаров та демеушілік көмек көрсетті. 

Сарыкөл аудандық «Өмір» атты кембағал жандар және  мүмкіндігі шектеулі балалардың аналары қоғамының басшысы Надежда Полищук іс-шараның барлық қатысушыларына,концертті ұйымдастырушыға алғысын білдірді. 

Мұндай көңіл біз үшін өте маңызды. Полиция департаменті концертке шақырылған барлық тәрбиеленушілерге қамқор болып, тұрақты негізде қолдау көрсететінін атап өтемін. Осындай мереке үшін көп рахмет. Концертке жиналғандар көптеген жағымды эмоциялар алғанына сенімдімін, - деді Надежда Полищук. 

Қостанай облысы Кәсіпкерлер Палатасы директорының орынбасары Саят Жүсіпбеков 2022 жыл балалар жылы деп жарияланғанын атап өтті. Елде балаларды қорғау мақсатында Денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру саласында нақты шаралар көзделген. "Біз біргеміз" ұранымен мұқтаж адамдарды қолдау мақсатында өткен бүгінгі іс-шара бұған дейін де бірнеше мәрте ұйымдастырылды.

Барлық концертке қатысушылардың атынан концерт ұйымдастырушыларына – Қостанай облысының полиция департаменті мен кәсіпкерлер палатасына алғыс хаттар табысталды.

Іс-шараныың бастамашылары  бұл күнді барлық балалардың есінде сақтау үшін бәрін жасады!  Көптеген шолулар мұның сәтті болғанын аңғартты!


Еншілес ұйымдар

Серіктестер