astana-view

Кәсіпкерлер мұнай нарығында монополияның құрылуынан күдіктенеді

2022 жылғы 19 Желтоқсан
6996 просмотров

Жер қойнауын пайдаланушылар ҚР Энергетика министрлігінің ішкі нарықта шикі мұнайдың барлық өндірілген көлемін сату үшін бірыңғай оператор құру бастамасына қарсы. Кәсіпкерлер бұл проблеманы көтеріп, «Атамекен» ҰКП-ға жүгінді.

Жер қойнауын пайдаланушыларға 2023 жылғы қаңтардан бастап «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ (ҚМГ) және Petrosun компаниясы қазақстандық мұнай өңдеу зауытына алыс қашықтықтағы мұнайдың жалғыз жеткізушісі бола алатынын хабарлады. Кәсіпкерлер ведомство жариялаған бастама салдары мұнай сатып алуды монополияландыруға, сондай-ақ шикізат бағасының төмендеуіне және нарыққа қатысушылар үшін қаржылық шығындарға әкелетініне сенімді. Бұдан басқа, бұл ұсыныс Мемлекет басшысының бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесуінде экономиканы монополиясыздандыру және нарықтарды ашу жөніндегі жұмысты жалғастыру туралы бұрын айтқан мәлімдемесіне қайшы келеді.

 «Қазіргі кезде жер қойнауын пайдаланушы компаниялар өңдеген өнім үлесі ҚМГ мен Petrosun қатысуынсыз қорлардың шағын және орташа көлемімен 15-20%-ды құрайды, соның ішінде мұнай өнімдері нарығының бағасына қандай да бір әсер ете алмайтын отынның неғұрлым сұранысқа ие түрлері – АИ-92 және дизель отыны бойынша», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП базалық салалар және экология департаментінің басқарушы директоры Дінмұхаммед Құдайбергенов.

 Бастама шеңберінде ҚМГ мұнайды тәуелсіз мұнай өндіруші ұйымдардан тоннасына 80-90 мың теңге бағамен, мұнай өнімдері арқылы 160 мың теңгеге мұнай сату бағасымен 50% жеңілдікпен сатып алуды көздейді.

«Өндіру көлемі шағын тәуелсіз мұнай өндіруші ұйымдар шикі мұнайды ҚМГ, Petrosun және мұндай өңдеу зауыты арқылы нарық бағасынан 1,5-2 есе төмен өткізу орынсыз деп санайды. Бұл жайт нарық қағидаттарына түбегейлі қайшы әрі бәсекелік ортаны толығымен жояды. Үш кәсіпорын мұнай сатып алу және оны жөнелту кезінде ҚМГ-мен баға саясатын қандай да бір жолмен үйлестіретін болады».  

 Кәсіпкерлер мәселені қайта қарап, ҚМГ, Petrosun, МӨЗ тарапынан мұнай сатып алуға және мұнай өнімдерін сатуға монополияға заң жүзінде тыйым салуды сұрайды, сонымен қатар тәуелсіз мұнай өндіруші ұйымдарға өз мұнайын өзі немесе өзінің еншілес құрылымдары арқылы өңдеуге рұқсат беруді сұрайды.

 ҰКП мамандары мұнай өндірушілерді қолдайды және бағаларды реттеуде шешімді шаралар қажеттігімен келіседі. Бұл өз кезегінде ЕАЭО бірыңғай нарығының жұмыс істеуі басталғанға дейін әділ нарықтық бағаның алдын ала қалыптасуына алып келеді. Жаңа форматқа ауысуды жеңілдету және әлеуметтік шиеленіс тәуекелдерін азайту мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтары үшін шығыстарды өтеу механизмдерді қолдануды көздеу қажет.

 «Баға мәселесін шешудің бір жолы – тәуелсіз мұнай өндіруші ұйымдар үшін мұнай және мұнай өнімдерінің аукциондық сауда-саттық механизмдерін әзірлеу және енгізу. Бұл  механизмдер шағы өңдеушілерге, соның ішінде барлау, бірлескен барлау және мұнай өндіру кезеңдерінде жұмыс істейтін, өз мұнайын нарықтық жағдайларда өткізетін компаниялар үшін өз мұнайын нарықтық жағдайда өткізуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті ҰКП мамандары.

 Ұлттық палатаға тәуелсіз мұнай өндіруші ұйымдардан хаттар түсіп жатыр, олар осы бастаға қарсы.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер