astana-view

Петропавлда қоғамдық көлікте жол жүру және қоқыс шығару тарифін көтеру мәселесі өзекті

2023 жылғы 12 Қаңтар
- Солтүстік Қазақстан облысы
10547 просмотров

Мұны қала әкімі Руслан Анбаев та жақсы түсінеді. Қала басшысы жақында жергілікті тасымалдаушылармен кездесті, олардың проблемалары СҚО Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің отырысында қайта қаралды.

Осы салада жұмыс істейтін бизнес субъектілері әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалы бойынша шығындарын субсидиялау мәселелеріне әлі де алаңдайды. Олардың кейбіреулерімен қала әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі осы уақытқа дейін 2021 жылға арналған субсидиялар бойынша есеп айырысқан жоқ. Кейібір кәсіпкерге көмек мүлде көрсетілмеді.  Осыған байланысты кәсіпкерлер бас тарту себептері, төлем мерзімдері, есептеу механизмі мәселелерін көтерді. 

«2021 жылғы қарыздың бір бөлігін біз растайтын деректерді ұсынған барлық компанияға төледік. 2023 жыл ішінде бюджет енді ғана бекітілді, біз тасымалдаушылар алдындағы 2021 жылғы берешекті біржақты өтейміз және 2022 жылғы берешекті қолға аламыз. Сонымен қатар, 17 қаңтарда бюджет нақыталанды, бос қалдықтарды қайта қарайтын боламыз, сондықтан субсидиялауға қосымша жоспарлаймыз. Бекітілген бюджетте бізде бір жарым миллиард бар -  бұл қаражат шартты түрде бірінші жартыжылдықта жұмсалады», - деп жалғастырды әкім.

Өз кезегінде ТКШ бөлімі құжаттардың толық болмағандықтан өткен жылы субсидиялар төлеуден бас тартқан компаниялар оларды барлық қажетті есептеулерді ұсынғаннан кейін көмек көрсетіледі дп сендірді. Әкімнің атйуынша, қазынаның кәсіпкерлер алдындағы қарызы барлық салада да жетерлік. Сондықтан қала басшысы қалалық автобустарда жол жүру тарифін көтеру қажеттілігі туындағанын түсінеді.

«Тарифті өсіру мәселесін көтерудің уақыты келді. Әрине, бұл халыққа ұнай қоймайтын шара. Ал тариф 2017 жылдан беру өзгеріссіз, айналада барлығы қымбаттап кетті. Жанармай екі есе, шығын материалдары, дөңгелеік, бөлшектердің бәрі қымбаттаған», - деді Руслан Анбаев.  

Кәсіпкерлер басқа да шығындарды атап өтті.

- Біз қалалық қоғамдық көлікте жол жүру құнын арттыра отырып, мәселені шешіп беруде көмек сұраймыз. Бұл біздің жағдайымызды айтарлықтай жеңілдетеді. Қостанай 1 қаңтардан бастап қолм-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысулар үшін автобустарда жол жүру құнын арттырды, - деп жалғастырды «KYZYLZHAR BUSES» ЖШС директоры Бауыржан Құсайынов.

Өз кезегінде, СҚО кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекешев палатаға қала шетінде және өнеркәсіптік аймақтарда автобус маршруттарына қатысты кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын және жоспарлайтын бизнес субъектілерінен өтініштер келіп түсетінін атап өтті:

«Кәсіпкерлер өз объектілері орналасқан аумақтарды қамтып, өнеркәсіптік аймаққа баратын автобус маршруттарын ұзарту туралы мәселені шешуге жәрдем көрсетуді сұрайды. Сондай-ақ, «Атамекен» Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, жыл сайын кадрларға қажеттілікті анықтау және қызметкерлердің босатылуын бағалау мақсатында кәсіпорындарға сауалнама жүргізетінін атап өткім келеді. Қаңтардың басынан бастап палата бұл жұмысқа кірісті», - деді Тимур Бекеев.

Қала басшысы кәсіпкерлерге қазіргі уақытта тарифті көтеру мәселесі талқыланып жатқанын және бұл тек жолаушылар тасымалына ғана емес, сонымен қатар қоқыс шығарумен айналысатын компанияларға да қатысты екенін түсіндірді. Бұл ретте Руслан Анбаев азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін тариф өзгермейтінін жеткізді.

«Әкімді осы санаттағы азаматтарды тасымалдауға кететін шығынды өзі өтейді. Қазіргі кезде оқушыларға жол жүру құны 40 теңгені құрайды,  мүмкіндігі шектеулі жандар тегін жүреді. Ал басқа тұрғындарға тарифті көтеруге мәжбүрміз. Өйткені тасымалдаушылардың қызметі шығынды болып кетті», -  деп қорытындылады қала әкімі. 

Айта кетейік, бұл осы мәселеде тасымалдаушылар әкімге әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалын субсидиялауға арналған шығыстарды әкімдіктің қалалық бөлімдерінің бюджеттері арасында бөлуді ұсынды.

«Жәрдемақыларға жұмсалатын шығындар бойынша біздің ұсынысымыз -  қалалық автобустарда тегін жол жүру үшін мәслихат белгілеген мүгедектігі бар азаматтардың 12 санаты, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бюджеті есебінен жабуға болады. Оқушылардың жол жүруі – білім бөлімінің есебінен. Бұл тәжірибе қазірдің өзінде кейбір қалаларда қолданылады және бұл ТКШ бөлімінің бюджетін едәуір төмендетеді, ал жоғарыда аталған бөлімдер үшін жүктеме шамалы болады. Бұл басқармалардан басқа ешкім қалада қанша оқушы немесе мүгедек адам бар екенін жақсы білмейді»,  - деп түйіндеді «KYZYLZHAR BUSES»  ЖШС директоры Бауыржан Құсайынов.

Қала әкімі бұл ұсынысты ұтымды деп санап, оны қарауға қабылдады. Кейбір қалаішілік маршруттарды ұзарту мәселесіне келетін болсақ, бұл мақсаттарға қаржыландыру бар және жақын арада бұл мәселе шешілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер