astana-view

Алматыда бизнесті қаржылай қолдау мәселелері талқыланды

2023 жылғы 20 Қаңтар
- Алматы қаласы
4505 просмотров

Бүгін «Эквиум» кәсіпкерлер клубының мүшелерімен кездесу өтті, онда елдегі бизнесті қолдау бойынша қолданыстағы шаралар талқыланды.

Кездесуге «Даму» қорының өкілдері өз өнімдері туралы айтып берді. Бүгінгі таңда қор өнімдерінің көпшілігін цифрлық форматта алуға болады, қағаз анықтамалардан бас тарту  процесі енгізілу үстінде.

Кездесу барысында кәсіпкерлер бизнес жүргізу үшін несие алуға қатысты өз сұрақтарын қойды. Кәсіпкерлер арнайы экономикалық аймақта жаңа Экономикалық қызметтің жалпы жіктеуішін (ЭҚЖЖ) қосу, дәрі-дәрмектерді көтерме және бөлшек сату бойынша ЭҚЖЖ-ны жатқызу, «Даму» қорының қаржыландыруымен медициналық орталығының қызметі, лизингтік мәмілелер бағдарламасы және т.б. арқылы бизнесті субсидиялау бөлігінде «Даму» көмегін алу мүмкіндігі мәселелеріне қызығушылық танытты.

«Біз кәсіпкерлерге жаңа қолдау шараларын, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға қалай өтінім беру туралы ақпарат маңызды екенін білеміз. Жиында 2023 жылы бизнестегі перспективалық бағыттар, арнайы экономикалық аймақтарда ЭҚЖЖ тізбесін кеңейту мүмкіндіктері туралы мәселе айтылды. Яғни, кәсіпкерлер бизнестегі өсу нүктелері мен жаңа нишаларды көріп отыр», – деп атап өтті «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов.

Сондай-ақ, кәсіпкерлер Қордан субсидиялауды уақтылы төлемеу мәселесін көтерді. Берілген қарыздар бойынша «Даму» тарапынан субсидияларды уақтылы алмау.

Іс жүзінде әрбір өтеу бойынша компания ай сайын негізгі қарыз сомасын және сыйақының толық сомасын (жылдық 21%) төлейді. «Даму» субсидиялары 3-тен 30 күнге дейін кеш келеді, бұл жайт компанияның операциялық қызметке қажетті қаражатын бұғаттайды. Кәсіпкерлердің төлем мерзімі өтіп жатыр.

«Өткен жылдың қазан айынан бері «Даму» қоры бізді субсидиялаған жоқ. Банк арқылы өтініш жасағанда, салыстыру актісін жібереміз, «Даму» бізге жауап бермейді. Бізде несие. Төлемдерді кешіктіріп жатырмыз», - дейді кәсіпкер.

Сұраққа «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ Басқарма төрайымы Гаухар Бөрібаева жауап берді.

«Демек, жүйе бұзушылық фактілерін анықтады. Кешіктірудің екі себебі болуы мүмкін. Субсидиялау мерзімі 5 жыл, осы мерзім асып кетті. Екіншісі мониторинг қорытындысы бойынша кейбір талаптар бұзылған. Сондықтан субсидиялау бұзушылықтың себептері анықталғанға дейін тоқтатылуы мүмкін. Жиынға субсидия мәселелері жөніндегі департамент бастығы қатысып отыр. Біз оның себебін бірден тексере аламыз», - деп жауап берді Гаухар Бөрібаев бөлімшеге тапсырма беріп.

Бизнес өкілдері сатып алу алаңдары, банк өнімдері және қор биржасы туралы көбірек айтуды сұрады. ҰКП жақын арада осы мәселелер бойынша кездесулер өткізеді.

Кездесу барысында «Атамекен» ҰКП өкілдері бизнесті қаржыландыруды ынталандыру үшін бастамалармен бөлісті: ақша-несие саясатын жеңілдету, синдикатталған несиелеу және бірлесіп қаржыландыру және тағы басқалар.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер