astana-view

Ұлттық палата сатып алу шартынан бизнес қызметін тоқтататын тармақтарды алып тастауға көмектесті

2023 жылғы 25 Қаңтар
7904 просмотров

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына «Қамқор Локомотив» ЖШС атынан өтініш түсті. Кәсіпкер сатып алу шарттарының жобаларына енгізілген қосымша талаптармен келіспейді. ҰКП сарапшылары бұл мәселені келіссөздер арқылы шешті.

Кәсіпкер «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС локомотивтері, тораптары мен агрегаттарына техникалық қызмет көрсету және күрделі жөндеу жұмыстарын сатып алу шарттарының жобаларынан мердігердің қосымша міндеттемелері мен жауапкершілігін алып тастау мәселесін шешуге көмек сұрады. Екі тараптың арасындағы шарттарға сәйкес, мердігер контрагенттердің салық заңнамасын 5 деңгейге дейін сақтауын қамтамасыз етуге міндетті. Сондай-ақ, мердігер жобаны іске асыру бойынша кірісті/айналымды есептеген/алған күнінен бастап 5 жыл бойы контрагетенттердің салық заңнамасының талаптарын бұзғаны үшін жауапты болады. 

Кәсіпкер бұл талаптармен келіспейді. Өйткені шарт жобасында жоғарыда аталған талаптарды қамтамасыз ету бойынша қосымша міндеттер тәуекелге толы. Бұл тәуекелдер  оны орындау ықтималдығын бағалау мүмкін емес болғандықтан кәсіпорынның қызметін тоқтатауы мүмкін.

Өткен жылдың соңында Кәсіпкерлер палатасының алаңында кәсіпкер және  тапсырыс берушінің қатысуымен кездесу өтті. Оның қорытындысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлерге қосымша талап қойған тармақтарды  белгілеу қаншалықты заңды екенін  түсіндіруді сұрап, «Самұрық-Қазына» АҚ атына хат жолдады.

«Самұрық-Қазына» АҚ хатпен танысып, келісімшарттардың жобаларына мердігер контрагенттердің салық заңнамасын 5 деңгейге дейін сақтауын қамтамасыз етуді, сондай-ақ, мердігер жобаны іске асыру бойынша кірісті/айналымды есептеген/алған күнінен бастап 5 жыл бойы контрагетенттердің салық заңнамасының талаптарын бұзғаны контрагенттерінің салық заңнамасын 5 деңгейге дейін сақтауын қамтамасыз етуге міндетті үшін жауапты болуы ҚҚС қайтаруда туындайтын мәселелердің шешімі болмайтыны хабарлады. Өйткені қосылған құн салығының асып кетуін қайтару қағидалары мемлекеттік кіріс органдарына тауарлар, жұмыстар, қызметтерді жеткізудің бүкіл тізбегі бойынша тәуекелдерді өз қалауы бойынша белгілеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ Тапсырыс берушінің атына анықталған бұзушылықтар, себептер мен жағдайларды жою туралы хабарлама жолдады. Бұл шаралар кінәлі адамдарға тәртіптік ықпал ету шараларын қолдануды көздейді.

 

 

 

 

 

 

 

  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер