astana-view

Жаңа заңнаманы түсіндіру

2023 жылғы 02 Ақпан
- Ұлытау облысы
6081 просмотров

Жәйрем кентінің мәдени-сауық орталығының ғимаратында кәсіпкерлер үшін жаңа заңнаманы түсіндіру өтті 
Жәйрем кентінің мәдени-сауық орталығының ғимаратында 2023 жылдың 3 наурызында күшіне енетін "ҚР азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және жеке тұлғаларды банкрот деп жариялау туралы" Заңға байланысты "Жеке тұлғаларды банкрот деп тану тәртібін түсіндіру" тақырыбында семинар өтті. Кездесуге Қаражал қаласы әкімінің орынбасары Д. Құлымбетов, Жәйрем кентінің әкімі Қ. Жансағымов, Қаражал қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының міндетін атқарушы Б.Мақажанов, Қаражал қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы Е. Бейсембаев, Қаражал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М. Сатанов, Ұлытау облысының АКП Қаражал қаласындағы филиал директорының міндетін атқарушы Е. Нұркен, Қаражал қаласындағы халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Г. Сағынтаева, салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Б.Отыншина қатысты. Кездесуде заңды және жеке тұлғаларды банкрот деп тану мәселелері талқыланды. Агроөнеркәсіптік кешен және жер мәселелері,  жайылымдарды, шабындықтарды пайдалануға қатысты тақырыптар қаралды. Бизнесті жаңғырту (жаңа бизнесті ашу, төмен пайыздық несиелер, шағын несиелер, орта бизнеске көмек және т.б.), әлеуметтік көмек (атаулы әлеуметтік көмек, гранттар, жұмыс орындарын ұлғайту және т. б.) бағыттары бойынша ақпарат берілді. Барлық сұрақтар толық жауабын тапты. Айта кету керек, бизнес пен кәсіпкерлерді қолдау бағыты бойынша Ұлытау облысының АКП филиалынан кеңестер берілді. Әкімдік өкілдері бұл бағыттағы кездесулер басқа жауапты мемлекеттік орган қызметкерлерінің қатысуымен ай сайын жалғасатынын атап айтты.

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер