astana-view

Ұлытау облысының ӨКП:" Сіздер үшін есігіміз əрқашан ашық"

2023 жылғы 10 Ақпан
- Ұлытау облысы
9597 просмотров

Ұлытау өңірі бойынша ӨҚП алаңында ШОБ және сауданы дамыту комитетінің бірінші отырысы өтті. 

 Ұлытау облысының ӨКП алаңында ймақтың бизнес-саласы өкілдерінің қатысуымен өңдеу құрылыс және логистика комитетінің отырысы өтті. 
Ұлытау облысы ӨКП төрағасының м. а. Гүлмира Қаженова, ӨКП салалық даму жөніндегі басқарушы директоры Рахымбек Зейнуллин, бизнесті қорғау жөніндегі басқарушы директор  Ғалымжан Сутбаев жиналғандарға комитет жұмысының мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді.
Өндірістік және құрылыс секторында жұмыс істейтін  кәсіпкерлер өз бағыттарының мүдделерін қозғайтын мәселелерді талқылады.
Отырыс барысында комитет төрағасы сайланды. Көпшіліктің  дауыс беруімен  Думан Жамановтың кандидатурасы бұл лауазымға лайық деп танылды. 


–Біз сіз үшін әрқашан ашықпыз. Өңірдегі бизнес саласын қолдау – біздің басты мақсатымыз. Сондықтан,  бізге кез келген сұрақтарыңызбен хабарласа аласыздар. Бізде барлық қызметтер тегін көрсетіледі", - деді Рахымбек Сайранұлы өңір кәсіпкерлеріне арнаған сөзінде.


Комитет қатысушылары Палата сарапшыларына диалогқа, кездесулерге және идеялармен алмасуға мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдірді.


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер