astana-view

ТҮРКІСТАН: «Ауыл аманаты» жобасы аясындағы арнайы топ жұмысын бастады

2023 жылғы 14 Ақпан
- Түркістан облысы
7195 просмотров

«Ауыл аманаты» пилоттық жобасын насихаттау мақсатында құрылған екі арнайы топ мүшелері жұмысына кірісті. Алғашқылардың бірі болып Кентау қаласының шаруаларымен кездесіп, кейін Түлкібас, Созақ, Арыс, Отырар, Сайрам, Төле би, Қазығұрт аудандарына барды. Топ құрамында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының мамандары бар.

Сонымен қатар, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС, «Аграрлық несие корпорациясы» Түркістан облысы бойынша филиалы, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Түркістан облысы бойынша өңірлік филиалы, «Қазақстан Хылық Банкі» АҚ Түркістан облыстық филиалы, «Jusan bank» Түркістан филиалы, «Түркістан» Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» КММ, «Түркістан» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілдері топ құрамында.

Жиында мамандар «Ауыл аманаты» жобасының мақсат-міндеті айтылды. Кездесуге қатысушыларға жылдық мөлшерлемесі 2,5 пайызды құрайтын жеңілдетілген несиені қалай алуға болатыны, коорперативті не үшін құру қажеттігі, техниканы лизингке алу тетіктері айтылды.

«Отырар ауданында пилоттық жоба аясында 2 ауыл округі таңдалып алынған. Олар: Балтакөл, Қарғалы ауыл округтері. Ал Арыс қаласында Ақдала мен Дермене ауыл округтері таңдалған. Мұндағы тұрғындар 1 млрд теңгеден астам несие алуға ниет білдіруде», – деп атап өтті Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев.

Айта кетейік, жоба аясында жеке кәсіппен айналысып, кооператив құрамын дегендерге 2,5 пайыздық көрсеткішпен жеңілдетілген несие беріледі. Сонымен қатар, ауышаруашылық техникасын алуға лизинг беру қарастырылған. Кооперативтер үшін инвестициялық субсидиялар бөлу тағы бар.

Жобамен танысқан шаруалар толғандырған сауалдарына жауап алып, өздерінің бизнес жоспарларымен бөлісті. Арнайы топ жиыннан соң азаматтарды жеке қабылдап, арыз-шағымдары мен ұсыныстарын тыңдады. Мамандар әр мәселе заң аясында шешімін табатынын айтып, тұрақты бақылауда болатынын жеткізді. Арнайы топ мүшелері 13-17 ақпан аралығында облыстағы барлық аудан, қалаларды кездесу өткізуді жоспарлап отыр.


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер