astana-view

  Ұлттық палата монополияға қарсы органдармен бірлесе сот дауларына талдау жүргізді

2023 жылғы 16 Ақпан
6768 просмотров

Ұлттық палата монополияға қарсы органдарымен болған соңғы сот дауларына талдау жасап, оны Жоғарғы Сотқа таныстырды. Зерттеу мәліметтері бойынша мемлекеттік органдар сотта әкімшілік істердің 52%-дан астамында жеңіліп қалады екен. Бұған дейін бұл көрсеткіш бірнеше есе төмен болатын. ҰКП мамандарының пікірінше, бұл факт сот практикасын өзгертудің тиімділігін – Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің енгізілуінің пайдасын көрсетеді.

«Сотта әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс енгізілген соң бизнестің мүддесі ескеріле бастады. Енді бизнес өз іс-әрекеттерін ақтауға тиіс, ал мемлекеттік органдар өз адалдығын дәлелдеуге міндетті. Бұл процес монополияға қарсы органда дәйек пен дәлел барына қарамастан жүргізіледі. Енді мемлекеттік органдарға сотта «мемлекет мүддесі» желеумен өз кемшіліктерін ақтап алу қиынға соғады», – деді «Атамекен» ҰКП бизнес-реттеу және бәсекелестікті дамыту департаменті директорының орынбасары Мұрат Оспанов.

Бұдан басқа кодекске тыңдау процедурасы – соттың белсенді рөлі сияқты тиімді институттар енгізілген. Мысалы, егер монополияға қарсы орган бизнескен келіп түскен шағымды қарайтын болса, ол кәсіпкерді шешім жобасымен алдын-ала таныстыруға және бизнеске өз позициясын білдіруге мүмкіндік беретін тыңдау өткізуге міндетті.

 «Біз бұл процесте жақсы ілгерілеу барын байқап жатырмыз. Мысалы, жақында ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған алқасы ірі субъектіден шығарылатын өнімнің өзіндік құнынына қатысты монополияға қарсы орган берген ақпаратты заңсыз деп таныды. Бұл ақпарат нарықтағы бәсекелестік деңгейін талдау үшін сұралғанын атап өткен жөн. Алайда сот сұралған ақпарат жүргізіліп жатқан талдауға қатысы жоқ, оны жүргізуге әдістеме қарастырылмаған деп таныды. Мемлекеттік органдардың осындай әрекеті «жасырын тексеруді» көздейді», – деді Мұрат Оспанов.

«Төрелік» ақпараттық жүйесінің мәліметіне сәйкес өткен жылы республика соттарына 28 мың әкімшілік талап-арыз келіп түсті. Соның ішінде бизнес өкілдерінен 8 733 талап-арыз келіп түскен, олар бойынша бірінші сатыдағы соттарда 3 220 іс (37%) қаралып, 1 766 (55%) іс кәсіпкерлердің пайдасына шешіліп, 1 454-і (45%) бойынша теріс шешім шығарылды.  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер