astana-view

Құрылысшыларға қала құрылысы кодексінің әзірлену барысы туралы хабарланды

2023 жылғы 20 Ақпан
6360 просмотров

 Ұлттық палата алаңында «Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» АҚ өкілдері Қала құрылысы кодексін әзірлеу барысы және бизнестің құжатты дайындауға белсенді қатысу мүмкіндігі туралы айтты.

«ҚазҚСҒЗИ» АҚ бас директоры Бегман Күлбаевтың айтуынша, кодексті әзірлеу үшін құрылыс саласындағы заңнаманы және жалпы шет елдердің заңнамасын осы саланы реттеудегі оң тәжірибе тұрғысынан кодтау бойынша халықаралық тәжірибеге алдын ала талдау жүргізілді. Атап айтқанда, Еуропа елдері мен Қазақстанға іргелес ТМД елдерінің тәжірибесі зерделенді. Қазіргі кезде негізгі жаңалықтарды бірнеше бағытқа бөлдік. Бұл реттеудің жаңа формалары: қала құрылысы қызметі саласындағы қоғамдық бақылау, ерекше реттеу, техникалық реттеу, қала құрылысындағы өзін-өзі реттеу, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметіндегі ғылыми көзқарас мәселелері және тағы басқа», – деді Бегман Күлбаев.

Спикердің айтуынша, институт қала құрылысы кодексін әзірлеу кезінде ескеру қажет ұсынылатын тәсілдер, түйткілді мәселелерді талқылау мақсатында құрылыс саласындағы салалық қауымдастықтар, ҚР Сәулетшілер одағы, жоғары оқу орындарымен бірқатар кездесу өткізілді.

Жиын қатысушыларына болашақ кодекс құрылымының жобасы таныстырылды. «ҚазҚСҒЗИ» АҚ өкілі құжаттың мазмұны түпкілікті емес екенін атап өтті және сараптамалық топтардың өкілдерімен талқыланатын айтты. Бұл топтарға кәсіпкерлер мүше бола алады осы топтар шеңберінде өз ұсыныстары мен ескертулерін енгізе алады.

Жиында ұсыныс пен ескертпе көп айтылды. Мысалы, ҚР Ұлттық жобалаушылар қауымдастығының вице-президенті Серік Рустамбеков қолданыстағы Жер кодексі мен сәулет-құрылыс қызметі туралы заңның қолданылуын нақты ажырату керек деген пікір білдірді. Өйткеі оларың арасында қайшылықтар бар.

«Бір кездері сәулет және қала құрылысы органдары басқарған аумақтар Жер кодексінің күшіне бағынысты болып кетті. Оның салдарынан көп шатасу тудырды. Республикалық, облыстық, қалалық деңгейде жер комитеттері пайда болды. Аумақтарды басқару, қала құрылысы саласындағы аумақтық органдардың тікелей міндеті болып саналатын жер иелеріне кетті. Бұл әділетсіздікті жоюдың уақыты келді. Сондықтан мен елді мекен аумағында жер кодексінің қолданылуын мүлдем шектеуді ұсынамын. Ауыл шаруашылығы және өзге де мақсаттағы жерлермен айналысуға рұқсат етілсін, ал елді мекендерді реттеу жаңа құжат – қала құрылысы кодексінің саласына түсуге тиіс», – деп санайды Рустамбеков.

Сонымен қатар, ол бүгінгі күні қолданылатын «елді мекен» терминін қайта қарауды ұсынды, спикердің пікірінше, оның мән-мағынасын көрсетпейді.

«Санитариялық қағидалар мен нормалар, өрт қауіпсіздігі қағидалары, техникалық регламенттер, Техникалық реттеу және метрология комитетінің стандарттары, техрегламенттер, мемлекеттік нормативтер бар... Түрлі уәкілетті органдар құжаттарының осы пакеттеріне шұқшимау үшін кодексте бір уәкілетті тұлғаның бірыңғай талаптары белгіленуі керек: қандай норма міндетті, қайсысы ерікті түрде қолданылады белгілеу керек.  Әр түрлі уәкілетті органдардың бұйрықтары, қағидалары және стандарттарымен емес, жобалаушыларға да, құрылысшыларға да түсінікті болатын бірыңғай платформаны көздеу қажет», – деп пікірімен бөлісті Кәсіби инженерлер одағының атқарушы директоры Мелик Алпысбаев.

Сондай-ақ, нарық қатысушылары саладағы техникалық реттеудің түйткілді мәселелері, құрылыс жобаларын сараптау, инженерлік ізденістер бойынша жұмыстардың санаттылығының жоқтығы, құрылыс саласындағы өзін-өзі реттеуді дамытудың түткілді мәселелерін, оны цифрландыру қажеттілігін атап өтті.

 Республикалық жобалаушылар одағының өкілі әзірлеушілерге қолданыстағы процестерді оңтайландыру және жобалау саласындағы сарапшылардың жұмысын жеңілдету үшін цифрландыру мүмкіндіктерін барынша пайдалану қажеттілігі туралы тілегін білдірді.

Жалпы, құрылыс қоғамдастығының өкілдері уәкілетті орган жүргізген үлкен жұмысты атап өтті. Ал талқылаудың өзі қызу өтті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар алға қойылған міндеттерге қол жеткізу мақсатында күш біріктіруге келісті.

Есте салсақ,  Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жыл сайынғы жолдауында Үкіметке концептуалды жаңа құжат – қала құрылысы кодексін әзірлеуді тапсырды. Кодекс осы жылдың шілдесінде қабылдануы тиіс. Алайда, қазірдің өзінде кәсіпкерлер сапалы құжат жасау үшін бұл уақыттың аз екеніне алаңдайды.

 

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер