astana-view

Павлодарлық «Атамекен» алаңында кәсіпкерлер жүйелі мәселелері жайлы прокурорларға айтты

2023 жылғы 22 Ақпан
- Павлодар облысы
5789 просмотров

Осында Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаевтың қатысуымен жедел шешуді талап ететін жүйелі проблемалық мәселелерді анықтау мақсатында қадағалау органы өкілдерінің кәсіпкерлермен кезекті кездесуі өтті.

Бизнес өкілдерімен кездесуге Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің төрағасы Нұрлан Нәбиев, Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Серік Әубәкіров, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі бизнесті қолдау және оның қызметіне мемлекеттік аппараттың негізсіз араласуына жол бермеу екенін Павлодар қаласының прокуроры Асан Нұрбаев айтты.

«Прокуратура органдарымен мемлекеттік саясатты іске асыру шеңберінде кәсіпкерлік саласындағы жүйелі проблемалық мәселелерді анықтау жұмыстары жалғасуда. Прокуратура органдары облыстық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп диалог алаңдарын ай сайын өткізеді. Заңның, кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарының бұзылуы туралы әрбір белгі бойынша тиісті шаралар қабылданады. Бүгінгі таңда кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселе – отандық тауар өндірушілерді қолдау», – деді Асан Нұрбаев.

Айта кетерлігі, қала прокуратурасы жанынан «Атамекен» ӨКП-мен бірлесіп, кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі мобильді топ жұмыс істейді.

Жергілікті тауар өндірушілер көтерген мәселелердің қатарында «Замандас» шаруа қожалығы, «Қолдау» порталының жойылуы, оның орнына ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өтініштерін қабылдайтын жаңа платформа іске қосылып жатыр, бұл шаруаларға ыңғайсыздық туғызуда.  «Электро Транс Реелто» ЖШС мемлекеттік сатып алу және жосықсыз жеткізушілердің тарапынан баға демпингі мәселесін көтерді. «Агромир» ТПБ ЖШС таңбалауға жатпайтын тауарларға сертификат құнын көтерудің негізділігі туралы сұрақ қойды, сонымен қатар тапсырыс беруші жеткізілген өнім үшін төлем жасамаған кездегі мәселе туралы айтты.

Осы және өзге де сауалдар жиынға қатысушылардың назарына алынды.       


Еншілес ұйымдар

Серіктестер