astana-view

Павлодарлық кәсіпкерлерге емдік шөптер бизнесін қалай дамыту керектігі айтылады

2023 жылғы 23 Ақпан
- Павлодар облысы
5675 просмотров

Ол үшін Павлодардағы «Атамекен» алаңында оқыту семинары өтеді

Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы Ажар Абылғазина барлығын Павлодар облысында фитобизнесті дамыту мәселелері бойынша Торайғыров университетінің өңірдің мүдделі кәсіпкерлерімен өткізілетін кездесуіне қатысуға шақырды.

«Университеттің ауылшаруашылық технологиясы кафедрасының өкілдері емдік шөптерді жинау және оның ережелері туралы не білу керектігі жайлы әңгімелейді. Фитобизнесті дамытуға қолдау көрсетіледі», — деді Ажар Абылғазина.

Кездесу Павлодар облысы Кәсіпкерлер Палатасының алаңында Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16, 316 кабинет мекенжайы бойынша өтеді.

Кездесуге онлайн және офлайн режимінде қатысуға болады.

Қатысушыларды тіркеу үшін келесі телефондар бойынша хабарласу қажет: 8(7182) 66-03-11 ішкі. 5550


Еншілес ұйымдар

Серіктестер