astana-view

Павлодарлық «Атамекенде» бизнесті қолдау шаралары бойынша семинар өтті

2023 жылғы 24 Ақпан
- Павлодар облысы
6744 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасының алаңында «Павлодар» ӘКК және Павлодар қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік мекемесінің өкілдерімен кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджер-кеңесшілерімен және Палата қызметкерлерімен кездесу өтті

 

Кездесу барысында мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды, мысалға: "Ауыл аманаты" бағдарламасы шеңберінде мал шаруашылығы бағыты бойынша 2,5% жеңілдікпен кредиттеу және 35 жасқа дейінгі жастарға 2,5% жеңілдікпен кредиттеу.

 

«Бізге «Бастау Бизнес» жобасын іске асыруға қатысты сұраулар жиі келіп түседі, - дейді кәсіпкерлікті қаржылай емес қолдау бөлімінің бастығы Әсия Закарьянова, -«Семинар барысында біз осы жобаның жаңалықтары туралы және 400 ак-ке дейінгі грантты кім талап ете алатынын талқыладық. «Бастау Бизнес» жобасына ресми тіркелген жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар және тіркеу мерзімі 3 жылға дейінгі жеке кәсіпкерлер  қатыса алады».

 

Сондай-ақ, 2023 жылдан бастап халықтың әлеуметтік осал топтары, «Бастау Бизнес» оқуын аяқтау туралы сертификаты бар қандастар мен қоныс аударушылар 400 аек өтеусіз грантқа үміткер бола алады.

Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлері жұмыс орындарын субсидиялау бағдарламасы туралы айтты — бұл жұмыс беруші жұмыспен қамту орталығымен жасалған шарт негізінде құратын уақытша жұмыс орны.

«Жұмыс берушілер кәсіпорында субсидияланатын жұмыс орындарын құра алады және жұмыспен қамту орталығында тіркелген жұмыссыздарды қабылдай алады. Жұмыспен қамтылған жұмыссыздардың жалақысын халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы мемлекет толық немесе ішінара төлейді», - дейді Әсия Закарьянова.

Субсидияланатын жұмыс орындарының түрлері:

- қоғамдық жұмыстар;

- әлеуметтік жұмыс орындары;

- жастар тәжірибесі;

- бірінші жұмыс орны;

- ұрпақтар келісімшарты;

- күміс жас

 

Бизнесті қолдау шаралары туралы толығырақ ақпарат алу үшін Павлодар қаласы, Луговая көшесі, 16, 1-қабат мекенжайында орналасқан Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына хабарласуға болады. Анықтама телефоны: 8/7182/654415


Еншілес ұйымдар

Серіктестер