astana-view

Ведомствоаралық комиссия сыртқы сауда саясаты мәселелеріне қатысты бірқатар шешім қабылдады

2023 жылғы 01 Наурыз
4989 просмотров

Дереккөз: e-cis.info

ҚР премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен Сыртқы сауда саясаты және халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия отандық кәсіпкерлер үшін бірқатар қолайлы шешім қабылдады.

Мәселен, ВАК шешімімен жүнді әкетуге арналған экспорттық кедендік баждың нөлдік мөлшерлемесін (5101-5103, 5104 00 000 0 ТН СЭҚ) 2024 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімге ұзарту мақұлданды. Бұл  шара жүн экспортының көлеміне оң әсер етеді.

2023 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде ірі қара мал терісіне экспорттық кедендік баж салығын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4101) 1 тоннасына 100 еуроға дейін төмендету және ұсақ мал терісіне экспорттық кедендік баж салығын (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 4102, 4103) алып тастау қолдау тапты. Өзгерістер нормативтік-құқықтық актілерге тиісті түзетулер енгізілгеннен кейін күшіне енеді.

Сонымен қатар ВАК  1 жыл мерзімге ЕАЭО сыртқы экономикалық қызмет тауар номенклатурасының (ЕАЭО СЭҚ ТН) 9508 22 000 0 және 9508 29 000 0 кодтарымен жіктелетін аттракциондық техниканың кейбір түрлеріне қатысты ЕАЭО ЕКТ кедендік әкелу баждарының нөлдік ставкаларын белгілеуді мақұлдады. Осы мәселе бойынша түпкілікті шешімді Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы қабылдайды.

Қытай Халық Республикасынан шыққан және жүк шинасымен бірге жинақта (жиынтықта) жеткізілетін жүріс дөңгелектеріне қатысты демпингке қарсы шараның қолданылуын тарату мәселесі бойынша Қазақстандық автобизнес қауымдастығының ұсынысы ескерілді.

Осылайша, Ведомствоаралық комиссия ҚР ИИДМ-ге қазақстандық автоөндірушілер үшін жүк шинасы бар жинақта (жиынтықта) дөңгелектердің нысаналы мақсатын растау туралы бұйрық қабылдауды тапсырды.

Автоөндірушілер жасаған инвестициялық келісімшарттардың негізінде жүк техникасын өндіру үшін әкелетін қазақстандық автоөндірушілер үшін жүк шинасы бар дөңгелектердің нысаналы мақсатын (жиынтығын) растау туралы бұйрық қабылдау тапсырылды. Көлікшілер оларды автомобиль өндірушілеріжасаған инвестициялық келісімшарттардың негізінде жүк техникасын өндіру үшін әкеледі.

Бұл шара қазақстандық жүк техникасын өндірушілерге қатысты демпингке қарсы бажды қолданбауға мүмкіндік береді.

Халық және коммуналдық-тұрмыстық секторды көмірмен қамтамасыз ету, сондай-ақ жылыту маусымын дайындау және өткізу кезеңінде елдің энергетикалық қауіпсіздігін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге көмірді және лигнитті немесе қоңыр көмірді автомобиль көлігімен (ЕАЭО СЭҚ ТН 2701 коды) әкетуге алты ай мерзімге уақытша тыйым салуды белгілеу мақұлданды (коды 2702 ЕАЭО СЭҚ ТН).

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер