astana-view

«Оқытушы кәсіпорын» ұғымын заңнамалық тұрғыдан бекіту қажет – ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

2014 жылғы 14 Мамыр
8207 просмотров

«Кәсіптік және техникалық білім беру туралы» заң жобасын даярлау кезінде онда «оқытушы кәсіпорын» ұғымы мен мәртебесін қарастыру қажет, деген мәлімдеме жасады Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Нұржан Әлтаев Орталық коммуникациялар қызметінің брифингі барысында.

«2014 жылғы заң жобалары жұмысының жоспарына «Кәсіптік және техникалық білім беру туралы» заңды дайындауды және қабылдауды қосу қажет, бұл заңда дуалды білім беру мәселелерін, КжТББ оқушыларын оқытушы кәсіпкерлер үшін артықшылықтар механизмін қарастыру керек. Заңда «оқытушы кәсіпорын» ұғымы мен мәртебесін қарастыру қажет» - дейді Н.Әлтаев.

Қазіргі уақытта бизнесті кадрларды даярлауға белсенді түрде жұмылдыру үшін, БжҒМ КжТББ қатысты бұйрықтарындағы, заңға қосалқы актілердегі барлық қайшылықтарды алып тастау қажет, олардағы оқу жоспарларының икемділігі мен кәсіпорын қажеттіліктеріне қарай қайта қарау мүмкіндігін қарастырған дұрыс.

Сонымен бірге ол қатаң білім беру стандарттары мен КжТББ нұсқаулықтары колледждер мен жұмыс берушілердің өзара әрекеттестігінің кедергісіз аймағын қамтамасыз ете алмайды, бұл мамандарды даярлаудағы сападан жағымсыз көрініс табатын болады.

Осыған орай, ҚР ҰКП Төрағасының орынбасарының ойынша, жұмыс берушілердің салалық бірлестіктерінің ролін күшейтіп, оларға КжТББ саласындағы стандарттарды құру бойынша жұмыстарды мақсатты қаржыландыруды бөлудегі ұйымдастыруды беру қажет.

Ұлттық палата үш деңгейлі жүйені ұсынады, ол кәсіптік, білім беру стандарттарын даярлауды және кәсіптік даярлық деңгейін бағалауды топшылайды.

Осылайша, бұл жүйе салалық кластердің жұмысымен тиімді әрекеттестікте болатын болады, бұл сапалы стандарттар алуға жағдай жасайды.

Сондай-ақ Нұржан Әлтаев Республикалық ғылыми-әдістемелік орталықты оның қызметінің мазмұнына түбегейлі қайта қарау шартымен ҰКП жүйесіне қосу қажеттігіне ерекше назар аударды.

«ҰКП РҒӘО-ны оның қызметінің мазмұнына түбегейлі қайта қарау шартымен және кадрлар біліктілігін растаудың тәуелсіз жүйесін құру бойынша жұмыстарды белсендіру мақсатында Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жүйесіне қосу туралы мәселені қарастыруды ұсынады»,- деді Н.Әлтаев.

Ол РҒӘО қызметтерін жұмыс берушілердің саладық бірлестіктерінің жанындағы салалық сертификаттау орталықтарына біртіндеп тапсыру қажет екендігін атап кетті».

ҰКП Төрағасы орынбасарының айтуынша, бұл ұсыныс бітірушілердің кәсіптік даярлығын тәуелсіз бағалау бойынша қызметтің қазірде тек РҒӘО қолына тұйықталуымен негізделіп отыр. Яғни бизнес мамандардың даярлануына да, олардың дарялығын бағалауға да тартылмаған.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер