astana-view

Абай облысының кәсіпкерлеріне жатақханалар мен мектептер тапшылығын шешуді ұсынды

2023 жылғы 15 Наурыз
- Абай облысы
8945 просмотров

Қазіргі таңда Абай облысының жатақханаларында төсек-орын тапшылығы 2612 орынды құрайды. Бұл көрсеткішті жақын арада жоғары оқу орындарымен және кәсіпкерлермен өзара іс-қимыл жасау арқылы екі есеге қысқарту жоспарлануда. Бұл туралы қаржы орталығының өкілдері кәсіпкерлермен кездесуде мәлімдеді.

Ел дамуының маңызды бағыттарының бірі азаматтарды қолжетімді және сапалы білім берумен, оның ішінде жаңа студенттік жатақханалар салу арқылы қамтамасыз ету болып табылады. Басты мақсат – жас қазақстандықтар үшін жағымды, әрі қауіпсіз өмір сүру жағдайларын жасау.

Қаржы орталығы Абай облысының кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, білім беру саласын инфрақұрылымдық дамытуға бағытталған жобаларды ілгерілету мақсатында кәсіпкерлердің, Абай облысының білім басқармасы және өнеркәсіп пен индустриялық-инновациялық даму басқарасының өкілдерінің, «Даму» қорының, ЖОО ректорларының және банк басшыларының қатысуымен «RoadShow» форматында ақпараттық акция ұйымдастырды.

Іс-шара барысында инвесторлар бағдарламаның операторы болуға шешім қабылдаған құрылыс салушыларға жобаны таныстырып, шығындарды өтеу шарттарын түсіндіре отырып, кеңес берді.

 «Бүгінгі таңда жатақханалардағы төсек-орын тапшылығы өткір сезілуде. Осыған байланысты мемлекет студенттерді жатақхана орындарымен қамтамасыз етуге мемлекеттік тапсырысты орналастыру механизмін әзірледі, ол құрылыс салушыға мемлекет тарапынан инвестициялық шығындарды кезең-кезеңімен өтеуді көздейді және кәсіпкерлік субъектілерінің студенттер жатақханаларын салуға және қайта жаңартуға кеңінен қатысуын көздейді. Осы мәселені шешу үшін бүгін Қаржы орталығымен бірге Road Show ақпараттық науқаны ұйымдастырылды», - деді Абай облысының кәсіпкерлер палатасының салалық дамуының жетекші сарапшысы Данияр Агзимов.

Ұйымдастырушылар студенттік жатақханалар мен жекеменшік мектептерді салу және реконструкциялау жөніндегі бағдарламаны жыл сайын барлық өңірлерге таныстыратынын айтты, алайда биыл бағдарламада оң бағытта өзгерістер бар екенін атап өтті.

«Бүгін біз кәсіпкерлерге аталған бағдарламаның шарттарын түсіндірдік, биылғы жылы бірінші қаңтардан бастап норматив ұлғайтылды. Жекеменшік мектептерді салу және реконструкциялау шарттары өзгерген жоқ – 8 жыл ішінде бір оқушы орнына арналған нормативтер бойынша өтем құрылыс үшін 96 АЕК, қайта жаңарту жағдайында 47 АЕК құрайтын болады. Жатақханалар бойынша жағдай жақсарды – 6 жылға 195 АЕК құрылыс жағдайында және қайта жаңарту жағдайында 8 жылға 47 АЕК. Біздің мақсатымыз – студенттік жатақханалар мен жеке мектептер салу және қайта құру үшін инвесторларды тарту және жергілікті аймақтың қажеттіліктерін жабу. Облыста сегіз жатақхана жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Абай облысында төсек-орын тапшылығы 2612 орынды құрайды. Біз бұл көрсеткішті жақын арада ЖОО-мен және кәсіпкерлермен өзара іс-қимыл арқылы екі есеге қысқартуды жоспарлап отырмыз. Егер инвесторлар мен кәсіпкерлер бізбен осы бағдарламаның операторлары ретінде жұмыс істей бастаса, бұл студенттерге қалыпты жағдайда тұруға мүмкіндік береді, сонымен қатар студенттердің пәтер жалдауға мәжбүр болуы жылжымайтын мүлік бағасының өсуіне әсер етеді», – деп түсіндірді Қаржы орталығының өкілі Қайсар Төлепбаев.

Қайсар Төлепбаев ықтимал қауіптер туралы да айтты.

«Жатақхананың орналасқан жерін дұрыс таңдаудың маңыздылығын ескеруге кеңес береміз, бұл тікелей тәуекел жатақхананың ыңғайлылығы мен қол жетімділігіне, өмір сүру жағдайына байланысты, егер олар қазіргі уақыттың стандарттарына сәйкес келмесе, онда ешкім өмір сүргісі келмейді. Оқу жылының басында жатақхананы ашу қиын екені түсінікті. Тиісінше, егер жатақхана ашылып, оқу жылы басталып кеткен болса, студенттердің бір бөлігі қоныстануы мүмкін, сәйкесінше жобалық қуаттылықты қамту толық болмауы мүмкін. Кәсіпкерлерге жүктемені азайту үшін жатақханалар бойынша бірінші жыл жеңілдікпен болады», - деп атап өтті Қайсар Төлепбаев.

Жергілікті банк өкілдері бұл бастаманы қолдап, кәсіпкерге көмектесуге дайын екендіктерін атап өтті.

«Біз бұл ақпаратты өзіміздің барлық кәсіпкерлерімізге таратқымыз келеді, қалада құрылыс салушылар өте аз, оларды ірі университеттер мен колледждердің өкілдерімен біріктіру керек, өйткені студенттік жатақханаларда төсек-орынның болмауы ең алдымен олардың проблемасы. Менің түсінгенімдей, бұл бастапқы оқиға, біз оны өз деңгейімізде жалғастыруымыз керек», - деп атап өтті Семей қаласындағы Жусан-банк филиалының басшысы Әділет Оралбеков.

Инвестор коммерциялық алаңдардан қосымша табыс ала алатындығы атап өтілді, яғни жатақхана базасында асханалар, шаштараздар және басқа да тұрмыстық нысандар ашуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер