astana-view

API бойынша аутентификациялау әдісін өзгерту туралы

2023 жылғы 29 Наурыз
- Ұлытау облысы
12461 просмотров

Құрметті салық төлеушілер!
Қазақтан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының Ұлттық куәландырушы орталығы Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартының МемСТ Р 34.10-2015 (бұдан әрі – МемСт 2015) криптографиялық стандартына көшуіне және RSA алгоритімінде аутентификациялау кілтінен бас тартуға байланысты Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – ЭШФ АЖ) API бойынша аутентификациялау әдісі және МемСт 2015 кілттері үшін веб-порталда өзгертілгенін назарларыңызға жеткізеді.


Аутентификациялаудың өзгертілген әдісі 2023 жылдың 3 наурызынан бастап ЭШФ АЖ https://esf.gov.kz:8443 жұмыс жасап тұрған және https://test3.esf.kgd.gov.kz:8443 тестілік серверлерінде қол жетімді. Осы серверлерде аутентификациялаудың екі әдісі (МемСт 2015 үшін ағымдағы және жаңа) 2023 жылғы 1 қарашаға дейін қолдау көрсететін болады.


Аутентификациялаудың өзгертілген әдісімен танысуды және 2023 жылғы 31 шілдеге дейінгі мерзімде өз есепке алу жүйелеріңізде осы өзгерістерді ескеруді сұраймыз. 2023 жылғы 1 тамыздан бастап аутентификациялаудың ағымдағы әдісі ЭШФ АЖ-да қол жетімсіз болады.


Әзірлеушінің жаңартылған жинағын (аутентификациялаудың өзгертілген әдісімен SDK) https://kgd.gov.kz/ru/content/api-interfeys-web- prilozheniya-elektronnye-scheta-faktury-1 сайтынан жүктеп алуға болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер