astana-view

Ақтөбелік кәсіпкерге су жабдықтау желісіне техникалық келісімшарт негізсіз берілмей келген

2023 жылғы 29 Наурыз
- Ақтөбе облысы
5807 просмотров

 Мұндай проблемаға «К7 Engineering» ЖШС тап болды. Кәсіпорын қызметі көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысымен байланысты. «Бизнеске жол» жобасы аясында бұл сигналға облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы және «Атамекен» ӨКП мамандары әрекет етті.

Талдау «Aqtobe su-energy group» АҚ атынан коммуналдық қызмет 9 ай бойы жаңадан тұрғызылған 480 пәтерлік объектіні сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосуға техникалық келісімшарттар бермегенін көрсетті.

 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет коммуналдық қызметтердің бизнес-процестерін зерделеп шықты. Нәтижеінде әкімдік пен квазимемлекеттік ұйымдар өкілдерінің техникалық келісімшарттар беру туралы шешім қабылдау кезінде заңды бұзғанын анықтады. Сонымен қатар кәсіпкердің өтініштерін тиісінше қарамау нәтижесінде туындаған әкімшілік тосқауылды жоюға бағытталған ұсынымдар әзірленді. Ұсынымдар нәтижесінде кәсіпкерлік субъектіге сумен жабдықтау және су бұру желілеріне қосылуға техникалық келісімшарттар берілді. Жақын арада 480-ден астам ақтөбелік жаңа пәтерлердің кілтін алады», – деп атап өтті Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі.

 Тәжірибе көрсеткендей, жаңадан салынған объектілерді инженерлік желілерге қосу үшін рұқсат алуда әкімшілік кедергілер көп. Бұл жағдайда кәсіпкерлер жағдайды шешу үшін уақытша шешімдер іздеуге мәжбүр болады.

Қазіргі уақытта Антикор Кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Бизнеске жол»   сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоның жобасы шеңберінде кәсіпкерлерді қорғау бойынша бірлескен тәсілді пысықтап жатыр.

 Жобаны іске асыру шеңберінде коммерцияға жер учаскелерін беру процестерін оңтайландыру мәселелері қаралды, уәкілетті органдарға Қазақстан Республикасының аумағынан жүктерді жөнелтуге тарифтерді төмендету бойынша ұсынымдар жіберілді. Жалпы пайдалы қазбаларды өндіруге лицензия алу кезінде әкімшілік кедергілерді жою бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

 «Мақсаттарымызды айттық. Әкімшілік кедергілерді анықтау, кәсіпкерлерді құқықтық қорғау және бизнестің жүйелі мәселелерін шешу – Ұлттық палата қызметінің негізгі бағыттары. Талдау көрсеткендей, бизнес көбінесе әкімшілік кедергілерге тап болады. Көбінесе бұл жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы, салық салу және АӨК, коммуникацияларға қосылу салалары», – деп атап өтті ӨКП директоры Дана Бекбауова.

 Еске салсақ, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 2023 жылды Бизнесті қорғау жылы деп жариялады. Өзара іс-қимыл бірлескен мобильді топ шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен немесе әрекетсіздігінен құқық пен заңды мүддені қорғау мәселелері бойынша Ақтөбе қаласы, Сәнкібай батыр даңғылы, 22К, 2 қабат, 202 кабинет мекенжайы бойынша Өңірлік палатаға хабарласуларыңызды сұраймыз. Байланыс нөмірлері: +7 (7132) 744-602, 744-606, 744-608. 1432 – байланыс орталығы.

 Облыстық АӨК басшысы Есқали Саламатов өзінің Facebook парақшасында хабарламаларды қабылдайды. Департамент мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 93. Байланыс нөмірлері: +7 (7132) 728-291, +7 775 923 2221.1424 – байланыс орталығы.

  

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер