astana-view

Павлодарлық шаруалар егістікте жүрген иесіз малдарға шағымданды

2023 жылғы 05 Сәуір
- Павлодар облысы
8540 просмотров

Павлодар облысының Кәсіпкерлер палатасында "Атамекен" ӨКП агроөнеркәсіптік кешен салалық комитетінің кеңесі өтті.

Фермерлер жиырмаға жуық мәселені көтерді. Олардың бір бөлігін жүйелік деп атауға болады, бірақ кейбіреулерін тез арада шешуге болады. Атап айтқанда, шаруалар ГОСАГРО-ның банктерге несие бойынша пайыздық мөлшерлемелерін өтеу үшін субсидия бөлудің республикалық электронды базасының дұрыс жұмыс істемейтінін айтты.

«Сонымен қатар, Павлодар облысының барлық аудандарында елді мекендердің маңында ақбөкендер немесе үйсіз малдар жүр. Олар егіс алқаптарын таптап, егіннің көшеттерін жеп, соның салдарынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге зиянын тигізуде», - дейді Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры Серік Сәдуақасов.

«Атамекен» ӨКП директорының орынбасары Жомарт Сембаевтың айтуынша, көкөніс өсірушілер өз кезегінде облыста маусымдық дала жұмыстарына жанар-жағармай сатып алуға қаражаттың жеткіліксіз бөлінетініне шағымданды.
Кәсіпкерлер палатасы осы және басқа да талқыланған мәселелерді назарға алды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер