astana-view

Түркістанда автогаз құю бекеттерінде сұйытылған мұнай газ тапшылығына кәсіпкерлер наразылық білдіруде

2023 жылғы 14 Сәуір
- Түркістан облысы
5064 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салалық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Салалық Кеңестің күн тәртібінде бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі –сұйытылған мұнай газды бөлу және бөлінетін көлемінің мөлшері талқыланды. Кәсіпкерлер беріліп отырған сұйытылған мұнай газдың көлемінің аздығына шағымданды.

 

«Жергілікті халықтың сұранысын қамтамасыз ету үшін сұйытылған мұнай газдың бөліну көлемін көбейту керек, сол кезде автогаз тапшылығына байланысты халықтың наразылығы  туындамайды, автогаз құю бекеттеріндегі жұмыскерлер жұмыспен қамтылады және мәселе өз шешімін табады», – дейді кәсіпкер.

 

Аталған кеңеске Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті өкілдері мен Түркістан облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының қызметкерлері қатысты.

Кеңес отырысының нәтижесімен кәсіпкерлердің мәселелері бойынша құжаттар Түркістан облысы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасынан сұратылып, сұйытылған мұнай газының бөліну механизміне байланысты тиісті ұсыныстар орталық мемлекеттік органға жолдануы туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер