astana-view

Түркістанда жеке балабақша иелері жұмыс уақытының 9 сағат болып өзгергеніне наразылық білдірді

2023 жылғы 17 Сәуір
- Түркістан облысы
4057 просмотров

«Балабақшалардың жұмыс уақыты 10,5 сағат болып бекітілген. Бірақ қазіргі таңда Адами әлеуетті дамыту басқармасы тарапынан қаулының жобасында балалардың 9 сағаттық тұруын ұсынды, кәсіпкерлер атынан келіспейтінімізді жеткіземіз», – деп атап өтті Түркістан облысы бойынша үздіксіз білім беру қауымдастығының директоры, Өңірлік кеңес мүшесі Дильдар Хабибова.

Мектепке дейінгі мекемеде болу уақытын 10,5 сағаттан 9 сағатқа дейін негізсіз қысқарту және балабақшаны тексеру мониторингінің заңдылығы туралы Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Білім және медицинаны дамыту комитетінің кезекті отырысында талқыланды. 

Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті, Адами әлеуетті дамыту басқармасы, Прокуратура өкілдері мен кәсіпкерлер қатысты.

Басқарманың берген мәліметінше  Облысымызда жалпы 883 балабақша қаралып, оның 551-інде кемшіліктер анықталған. Алайда заң талабына сәйкес балабақшаларға кемшіліктерді жоюға жеті жұмыс күні берілген. Бүгінгі таңда облыстық деңгейде комиссия құрылып, мониторинг топтарының жұмыс нәтижесін қорытындылау жұмыстары жүргізілуде.

Комитет отырысының қорытындысы бойынша Адами әлеуетті дамыту басқармасы тарапынан іс-қимылдардың заңдылығын анықтау үшін материалдарды облыстық прокуратураға жіберу туралы шешім қабылданды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер