astana-view

Түркістанда индустриалды аймақта орналасқан өндірістік және әкімшілік ғимараттарды Басқарушы компанияның теңгеріміне беру мәселесі талқыланды

2023 жылғы 17 Сәуір
- Түркістан облысы
4874 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі, облыстық прокуратура, мемлекеттік кірістер департаменті, ауыл шаруашылығы мен инвестиция және экспорт басқармасы өкілдері, «Turkistan» индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясы» ЖШС, «Түркістан» ӘКК қатысуымен «Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Кеңесі» мен «Өңдеу өнеркәсібі» комитетінің кезекті отырысы өтті.

Күн тәртібінде Индустриалды аймақта өндірістік және әкімшілік ғимараттарын Басқарушы компания теңгеріміне қабылдау туралы айтылды.
 

«Turkistan» индустриалды аймақтардың басқарушы компаниясы» ЖШС Бас директоры Қанат Ұзақбайұлы дайын өндірістік ғимараттардың Brownfield жағдайы жайлы ақпарат берді.


Айта кетерлігі, «Браунфилд» жобасы құрылыс шығындарының 80% қаржыландыруды «Түркістан» ӘКК және 20% инвесторлар жүзеге асырған.

Аталған ғимараттарда әлеуетті инвесторларға жалға беру және кейіннен сатып алатын жалға беру қарастырылған. Өндірістік ғимараттар құрылысының бұл моделі инвесторларға өнімді тез және сенімді сатуға мүмкіндік береді, бұл аймақтың өнеркәсіптік өндірісінің көрсеткішін арттырады.
 

Жиын соңында индустриалды аймақта орналасқан өндірістік және әкімшілік ғимараттарды Басқарушы компанияның теңгеріміне беру мәселесін жан-жақты объективті қарап, заңбұзушылықтардың орын алуын алдын-алу үшін Түркістан облысының прокуратурасы мен Сыбайлас жемқорлыққа қарасы күрес Агенттігінің аумақтық Департаментіне тиісті ұсыныс енгізу ұсынылып, Басқарушы компания ұсынысты қарау нәтижелері бойынша ақпаратты Өңірлік палатаға бір айлық мерзімде жолдап, Кеңестің кезекті отырысында қайта қаралатыны айтылды.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер