astana-view

Кәсіпкерлер отандық өндірісті қолдау мәселелерін талқылады

2023 жылғы 02 Мамыр
- Алматы қаласы
5867 просмотров

Алматыбасжоспар алаңында отандық тауар өндірушілер, қалалық әкімдік, «Атамекен» ӨКП, «Самұрық-Қазына констракшн» өкілдері, отандық өндірісті қолдау мәселелерін талқылады. Соның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру барысын көтерілді.

Талқылау басталғанға дейін кәсіпкерлер үшін В2В кездесу ұйымдастырылды, онда бизнес өкілдері іскерлік байланыс орнатып, ықтимал ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізді. Құрылыс материалдары мен мектеп жиһаздарының үлгілері таныстырылды.

Кездесу барысында Алматы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тәймбетов бизнес-қоғамдастық өз проблемалары туралы тікелей айтып, өз ұсыныстарын айта алатын кездесулердің маңызын атап өтті. Спикер биыл «жайлы мектеп» жобасы бойынша 13 мектептің құрылысы жоспарланғанын еске салды.

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мектеп құрылысына жергілікті құрылыс материалдарын, мектеп жиһаздарын пайдалануға мүдделі. Бүгін біз ауқымды жобаны іске асыру барысын талқылау үшін жиналдық. Біз Алматы компанияларының әлеуетін көріп отырмыз. Жоба аясында жергілікті қамту үлесін ұлғайтуға әбден болады. Бірақ процестің өзі ұйымдастырушылық және техникалық сәттерді баяулатуы мүмкін. Мұның бәрін біз талқылауымыз керек», – деді Әуез Тәймбетов.

Алматы қаласы әкімдігінің құрылыс басқармасының қызметкерлері құрылысы 2023-2024 жылдарға арналған іске асырылатын жобаларға жоспарланған нысандарды таныстырды. Басқарманың мәліметінше, 45 жобаның жалпы сомасы 77,5 млрд теңгені құрайды. Материалдар мен жабдықтардың жалпы құны 53,9 млрд теңге,

Оның ішінде 24 жобаға бөлінген сома (22 жайлы мектеп) 36 млрд теңге. Материалдар мен жабдықтардың құны – 26,1 млрд. теңге. Жергілікті қамту үлесі – 23,9 млрд. теңге.  (91,5%)

Алматы қалалық құрылыс басқармасының өкілдері жоба аясындағы жергілікті қамту үлесін арттырудағы түйткілді мәселелерге тоқталды.

 Ұлттық жоба аясында Алматы қаласында 37100 орындық (2 ауысым) 22 мектептің құрылысы жоспарлануда: Түрксіб ауданында – 6400 орындық 4 мектеп; Наурызбай ауданы – 7900 орындық 5 мектеп; Медеу ауданы – 2000 орындық 1 мектеп; Жетісу ауданы – 1200 орындық 1 мектеп; Бостандық ауданы – 6000 орындық 3 мектеп; Әуезов ауданы – 600 орындық 1 мектеп; Алмалы ауданы – 1500 орындық 1 мектеп; Алатау ауданы – 11500 оқушыға арналған 6 мектеп.

 «Отандық тауарлар шетелдіктер сияқты сапалы емес деген пікір бар. Алайда, бұл пікір түбегейлі қате. Oтандық тауар өндірушілер шетелдік әріптестермен бәсекеге түсе алатын жоғары сапалы өнімдерді жасауға қабілетті. Біздің елімізде жоғары технологиялы өндірістер көп. Сондай-ақ, отандық тауарларды сатып алу – экономикамызға тікелей қолдау. Бұл біздің өнімдерді әрбір сатып алу жұмыс орындарын сақтауға, бизнесті дамытуға көмектеседі дегенді білдіреді. Отандық тауар өндірушілердің тауарлардың сапасын жақсарту бойынша жұмыс істеуі керек және жаңа технологиялардың көмегімен дамуы керек. Тек осылай ғана бәсекеге қабілетті өнім жасай аламыз», – дейді Айдар Нұрғожаев.

Бизнес өкілдері өз пікірлері мен ұсыныстарын білдірді.

«Нептун Engineering» ЖШС өкілі барлық кезеңдерді жоспарлауға шақырды. Оның айтуынша, кезегі қасбетке келгенде, ешкім макетін ұстанбайды, мерзімдер жанып, бригадалардың жұмысы асқынып кетті дейді. Мұндай жағдайда тәуекелдер жиі кездеседі.

«Жоспарлау кезеңі өндірушілер үшін өте маңызды. Өйткені оларға шикізатты дұрыс сатып алу, есептеу, жұмыс күшін дайындау қажет. Кейбір біз өндірмейтін шикізатты импорттауға тура келеді. Әрине, егер тапсырыс шұғыл болса, қажет материал уақытында келмейді. Шикізатқа маусымдық баға көтерілгенде, алдын ала сатып алу маңызды», - деді Әуез Тәймбетов.

«Барлық компания салық төлейді, халықты жұмыспен қамтамасыз етеді, өндірісі сапасы жыл сайын артып келеді. Кәсіпорындар өз өндірісін қайта жарақтандырып жатыр, біз жеткізушілер елге қандай құрал-жабдықтар әкелініп жатқанын көріп отырмыз. Біз үшін қиыны – логистика. Материалдар, оның ішінде фанера, ДСП, ағаш Ресейден әкелінеді, балама жоқ. Бірақ мәселе кеденде. Яғни, қазір фуралар шекарада жай ғана тұр, қазақстандық тарап қабылдамайды-мыс. Тапсырыстардың ұлғайса, біз уақытында жеткізе алмаймыз. Вагондардың тұрып қалуы бірнеше айға созылады. Бұл мәселені Үкімет деңгейінде шешу қажет», – дейді «Попов» жеке кәсіпкерлігінін басшысы  Денис Попов.

Сондай-ақ кездесу барысында кәсіпкерлер материалдардың бағасына қатысты мәселе көтерді. Барлық ескертулер мен ұсыныстар ескерілді. Ұлттық жоба аясында өндірушілермен кездесулердің бұл форматы тұрақты түрде өткізілетін болады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер