astana-view

Ұлытау өңіріндегі туристік кластерді дамыту мүмкіндіктері Ұлытау өңірі

2023 жылғы 03 Мамыр
- Ұлытау облысы
11431 просмотров

Ұлытау өңіріндегі туристік кластерді дамыту мүмкіндіктері Ұлытау өңірі өңірлік кәсіпкерлер палатасының туризм комитетінің отырысында талқыланды. Комитет жұмысына өңірдегі туризмді дамытумен айналысатын қоғамдық бірлестіктер қатысты.


Қатысушылар – заңды түлғалар: «Федерация «Ulutau Sadaq atu» Қоғамдық Бірлестігі;«Ұлытау Социалдық Көмек» Қоғамдық Бірлестігі; «ҰЛЫТАУ-ҰЛТ ҰЯСЫ, ЖОШЫХАН» Қоғамдық қоры; «ALTYN ORDA-JOSHY HAN» Қоғамдық қоры; «ALTYN ORDA HANDUQY» Ұлытау облысы туризм,спорт және ұлттық спорт Ассоциациясы»  заңды тұлғалар бірлестігі; «Социальная инвестиция» Қоғамдық Бірлестігі; 7.«ULUTAU PLATFORMASY» Қазақстан мүгедектері, жетім балалар мен қоғамдық бірлестіктер Ассоцияцисы» заңды тұлғалар бірлестігі; «FAKS-ERK&GA» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; «AKTAZ SERVISE» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; « Deluxe kz»  Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі


 

Комитет төрағасы Ерлан Смағұлов Ұлытау аймағының тарихи маңызы бар екенін ескере отырып, туристік кластерді дамытудың маңызды рөлін атап өтті. Күн тәртібінде облыста туризмді, паралимпиада, бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту мәселелері қаралды. Туристік этноауыл жобасына жер телімін белгілеу мәселесі талқыланды. 

Сондай-ақ туристік этноауылды брендке айналдыру бойынша ұсыныс-тілектер тыңдалды. Аталған жобаны ілгерілету үшін әлеуметтік желілерде және БАҚ-та белсенді ақпараттық-насихат жұмыстары күшейтілмек.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер