astana-view

Ұлытау облысының ӨКП-де бизнестегі моральдық және материалдық шығындарды азайту тетігі ұсынылды

2023 жылғы 12 Мамыр
- Ұлытау облысы
8994 просмотров

Ұлытау облыстық ӨКП төрағасы Гүлмира Қаженованың қатысуымен өткен облыстың Өңірлік кәсіпкерлер палатасының құрылыс, логистика және көлік салалық кеңесінің отырысында жүк тасымалдаудың, республикалық трассаның жол төсемінің бұзылуының, жер учаскелерінің нысаналы мақсатының, ЖЖМ бағасын тұрақтандырудың мәселелері қаралды.

ТКШ, жер комитеті, көліктік бақылау, жолаушылар тасымалы, көлік және автомобиль жолдары жөніндегі мемлекеттік органдардың басшылары шақырылған спикерлер бизнес қоғамдастықпен бірлесіп өңір кәсіпкерлерінің өзекті мәселелерін талқылады.

Жаңа аймақтың құрылуымен аймаққа бағытталған жүк ағыны көбейді. Алайда, көптеген жүк тасымалдаушылар жол төсеміне рұқсат етілген жүктемелерден асырып, заңнаманы бұзуда. 
“Қазірдің өзінде жолдардың бұзылуын болдырмау үшін мәселені шешуге мұқият қарау, жауапты органдарды жұмысқа тарту қажет,”- дейді шақырылған сарапшылар.

 


 

“Бизнесмендерге жанармай мен логистикалық шығындарды үнемдей отырып, бір рейс жасау тиімдірек екені түсінікті, бірақ бұл жағдайда жолға салмақ түсіп, жол төсемінің зардап шегуіне әкеліп соғуда. Мұнда ШОБ секторына зиян келтірмеу үшін және бұл ретте шамадан тыс жүктеменің алдын алу үшін екі тарапқа да тиімді шешім табу қажет”, деп атап өтті Палата сарапшылары мен мекеме-ұйым басшылары.

Көліктік бақылау инспекциясы өкілдерінің айтуынша Ұлытау облысында тасымалдау бойынша қолданыстағы заңнаманы бұзудың бірнеше фактілері анықталған.

Отырыстың екінші мәселесі бойынша облыстық ӨКП бизнесті қорғау жөніндегі басқарушы директоры Ғалымжан Сүтбаев сөз сөйледі.
“Жер учаскелерін пайдалану барысында кәсіпкерлерде тиісті жер учаскесінде орналасқан ғимараттар мен құрылыстардың функционалдық мақсатын өзгерту қажеттілігі туындайды. Яғни, егер кәсіпкер мақсатты коммерциялық нысанды – дүкенге қызмет көрсету үшін сатып алса, онда бұл нысанды басқа коммерциялық мақсаттарда, (мысалы: кафелер, сұлулық салондары, дәріхана) пайдалана алмайды. Ол жер учаскесінің мақсатын өзгертуі тиіс. ШОБ субъектілері көбінесе жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру қиын жағдайға соқтырады деп ойлайды. Өкінішке орай, жобалаудағы есептердің дұрыс болмауы да мәселе туындатады. Бұл әкімшілік кедергілерді тудырады және кәсіпкерлерді анда-мында жүргізіп қояды. 

Бизнестегі моральдық және материалдық шығындарды азайту үшін кеңес отырысында мемлекеттік құрылымдармен өзара іс-қимыл тетігі әзірленді, талқылау барысында тараптар өзара келісімге келді. Мәселен, ҚР Жер кодексінің 49-1-бабына сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуді жергілікті атқарушы органдар жүзеге асырады және оның құқықтық режимін, жердің қандай да бір санатына жататындығын (ҚР БҚ 1-бабы) және жерді аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсат етілген пайдалануды негізге ала отырып жол беріледі.
Кәсіпкерлер мен сарапшылардың пікірінше, ол Қазақстан Республикасының Жер кодексіне бірыңғай (әмбебап) нысаналы мақсат бөлігінде өзгерістер енгізуде, оны "коммерциялық объектіге қызмет көрсету үшін"деп белгілейді.

Отырысты қорытындылай келе, облыс ӨКП құрылыс, логистика және көлік салалық кеңесінің төрағасы Думан Жаманов кәсіпкерлер үшін құрылыс ортақ серіктестік тұжырымдамасын таныстырды.

 

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер