astana-view

Павлодарлық «Атамекенде» әйелдердің кәсіпкерлік әлеуетін арттыратын болады

2023 жылғы 16 Мамыр
- Павлодар облысы
7637 просмотров

Павлодар облысының «Атамекен» Палатасы өзінің кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасының «Кәсіпкерлік әлеуетті дамыту «Мен Кәсіпкер» құралы екі бағыт бойынша офлайн режимде қызмет көрсетеді. Палатаның жаңа бағыттағы жұмысы туралы оның қызметкерлері бизнес өкілдеріне арналған арнайы онлайн-конференцияда айтты.

Оған Павлодар облысының аудандарынан кәсіпкерлер палатасының қызметкерлері мен өңірдің бизнес өкілдері қатысты. «Мен кәсіпкер» құралы бойынша, ӨКП жұмысы және әйелдер кәсіпорнын дамыту орталығы туралы осы құрал бойынша менеджер-кеңесші Айнұр Құсайынова, "Бір ауыл – бір өнім" бағыты туралы орталықтың менторы Жұлдыз Малдыбаева, ал «Кәсіпке бағыт» туралы «Мен кәсіпкер» бойынша менеджер - кеңесші Эльмира Әлиева айтып берді.
Бірінші бағыт бойынша Павлодардағы әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығы кәсіпкер әйелдерге немесе 18 жастан асқан кәсіпкерлік бастамасы бар әйелдерге бірқатар қызметтер көрсетеді:
1) консультациялар;
2)кәсіптік және бизнес-оқытуды, сондай-ақ қолөнердің дәстүрлі түрлерін оқытуды ұйымдастыру (Қазақстан қолөнершілер одағының ұсынымы бойынша);
3) тәлімгерлік;
4) қаржыландыруды тартуда оқыту (краудинвестинг, инвестициялар, гранттар, лизинг) ;
5) Әйелдер кәсіпкерлігі өкілдерінің халықаралық жобаларға қатысуына жәрдемдесу жөніндегі қызметтер (әйел кәсіпкерлерді хабардар ету);
6) бизнес-шолу жүргізу;
7) "Бір ауыл – бір өнім"жобасы шеңберінде жергілікті шикізаттан өнімді жылжыту және әзірлеу жөніндегі қызметтер.

«Кәсіпке бағыт» екінші бағыты бойынша анықталған қажеттіліктер негізінде кәсіпкерлік әлеуетті арттыру мақсатында шағын және орта бизнес субъектілері үшін құзыреттіліктер мен салалық (бейіндік) оқыту жүргізілуде», - дейді әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының жетекшісі Айнұр Құсайынова.

Кеңес және толығырақ ақпарат алу үшін Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасына Павлодар қ., көш. Луговая 16, 1 қабат, 116 кабинет мекен-жайы бойынша. Байланыс телефондары: 8 (777) 203 3676 (Эльмира), 8 (776) 736 5767 (Айнұр).


Еншілес ұйымдар

Серіктестер