astana-view

Шетелдік туристер Алматы әуежайының аумағында алаяқтардан қорғалмаған

2023 жылғы 16 Мамыр
- Алматы қаласы
6684 просмотров

Алматы қаласының туризм жөніндегі кеңесінің отырысында бизнес-қоғамдастық, мемлекеттік органдардің өкілдері Алматы халықаралық әуежайы аумағында такси жүргізушілерінің шетел азаматтарына қатысты орынсыз қарым-қатынас көрсету мәселесін талқылады.

Кәсіпкерлердің айтуынша, бұл жаңа болған проблема емес, оны тез арада шешу керек.

«Осы жылдың басында интернет кеңістіктен такси жүргізушілерінің шетелдіктерге қатысты орынсыз қарым-қатынасы бойынша 3-4 жағдай, біз талқылау жүргізіп жатқан салалық чаттарда шамамен 5-6 жағдай бар екенін анықтадым. Мүмкін, Ішкі істер өкілдерінің статистикасы басқаша шығар. Бұл мәселе бірінші жыл көтеріліп отырған жоқ. Бұл мәселе 2023, 2022 жылдардан емес, бірнеше ондаған жыл бойы жалғасып келеді. Иә, таксистердің айла асыруы көптеген елде қалыпты практика, алаяқтық фактілері барлық елде бар және ешкім одан қаша алмайды. Бірақ біздің тарапымыздан бұл мәселені шешу үшін қандай да бір шара қабылдау қажет»,-деп атап өтті «Qara Qystyk» ЖШС директоры Ринат Қадыров.

Спикердің айтуынша, турситерді алдап, тасымал үшін қомақты аөша талап ету бойынша 4-5 фактінің өзі қаланың имиджіне айтарлықтай кері әсер ететінін білу қажет.

«Мұндай ситуация онша маңызды емес боылп көрінуі мүмкін. Бірақ мұнда, айталық, теріс ақпараттың тез таралу заңын түсіну керек. Сіз жүз ағаш еге аласыз, бірақ бұл туралы ешкім білмеуі мүмкін, ал бір ағашты кесіп тастасаңыз, бұл туралы бүкіл әлем білетін болады. Яғни, туризм жағдайы да осындай», – деп қосты спикер.

Алматы кәсіпкерлер палатасының төрағасы Әуез Тәймбетов нарық өкілдерін қолдады. Ол биыл Қазақстан мен Қытай екі елдің мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап 30 күнге өзара визасыз режим енгізіп жатқанын еске салды.

«Алматы үшін туризм дамудың негізгі салаларының бірі. Биыл туристердің өте үлкен ағыны күтілуде. Бірінші қажеттілік – 2023 жылғы маусымға туристерді ақпараттандыруға дайындалу. Мүмкіндігінше туристер ағынын шектейтін барлық кедергіні алып тастау қажет. Әуежай аумағындағы тәртіп мәселесі көлік жөніндегі кеңесте шешілетін болады», – деп атап өтті Әуез Тәймбетов.

Бүгінгі таңда орталық органдардан, салалық, «Қазақ туризм», Мәдениет және спорт министрлігі, туризм басқармасының салалық және қалалық ведомстволары тарапынан елдің оң имиджін қалыптастыруға және шетел азаматтары үшін тартымдылықты арттыруға қомақты қаражат жұмсалуда. Туристік нарық кейде туристерге әділетсіз қараудың бір-екі фактісін байқаса, соның өзін жеткілікті деп санайды, сонда елдің оң имиджіне жұмсалған ондаған және жүздеген миллион қаражат жай ғана кетті деген сөз.

Кәсіпкерлер бұл мәселені үш негізгі топқа бөлді. Бірінші мәселе мемлекеттік органдардың жауапкершілік аймағын анықтау. Екінші мәселе туристерді қарсы алу үшін 2023 жылға арналған ағымдағы дайындық. Үшінші мәселе – осы проблеманы жүйелі түрде шешу.

«Біз 2018 жылы жауапкершілік аймағын анықтау мәселесін талқыладық. Содан кейін біз әуежай аумағындағы автотұрақтарға, такси жүргізушілерінің жұмысына, жеке жүк тасымалына, тасымалдауды ұйымдастыруға кім жауапты екенін анықтай алмадық. Бұл мәселелер халықаралық әуежай басшылығына да, желілік полицияның аудандық  бөліміне де жолданды. Яғни, өзара әрекеттесудің қандай логикасы бар екенін, кім жауапты, кімге жүгіну керек екенін түсіну мақсатында жіберілді. Онда алаяқтық фактілерімен қалай жұмыс істеу керегі жайында қосымша әрекеттермен ақпараттық анықтама алу, әрекет алгоритмі қандай болатыны жайлы да бар», – деп атап өтті Ринат Қадыров.

Алматы қаласы әуежайының әкімшілік полициясының бастығы Шухрат Қадыров бүгінгі күні қонақтарды қабылдауға толық дайындық жүріп жатқанын растап, әуе айлағында қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі жұмысы үшін Алматы қаласы полиция департаментінің қызметкерлеріне алғысын білдірді. Ол полиция, прокуратураның бірлескен жұмысының барысы туралы айтты.

«Келесі аптадан бастап біздің аумаққа «Ұлттық Ұланның» үш наряды тартылатын болады. Әскерилер әуежайға келген такси жүргізушілерін аздап алыстату үшін тұрады. Желілік полиция бөлімі әуежай аумағындағы тәртіп үшін жауап береді. Әуежайдан тыс жерлер Түрксіб ауданының полиция бөлімшесінің жауапкершілік аймағында. Сондай-ақ әуежайға кірер алдына да қызметкерлер бөлінді», – деді Шухрат Қадыров.

Спикердің айтуынша, полиция азаматтардың өтінішінсіз жосықсыз такси жүргізушілерін жауапқа тарта алмайды. Егер өтініш түссе, бірінші әрекет айыппұл немесе ескерту болады.  Кейін сот тәртібіне беріледі.

«Біз МКК-ға заңсыз кәсіпкерлік бойынша такси жүргізушілерін жауапқа тарту туралы сұраныс жібердік. Біздің мұндай құқығымыз жоқ», – деп қосты спикер.

Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасы Қазақстан Республикасының заңнамасы саласындағы кейбір мәселелерге түсініктеме берді.

ҚР ҚК 190-бабы (яғни алаяқтық) бойынша жеке тасымалдаушыларды қылмыстық жауапкершілікке тартпау бөлігінде.

Прокурорлардың айтуынша, ҚР ҚК-нің 190-бабын қылмыс құрамы болмағандықтан тасымалдаушыларға қолдануға болмайды, яғни такси жүргізушілері мен шетелдіктер арасында жасалған шарт азаматтық-құқықтық қатынастар болып табылады және қандай да бір қылмыстық жауапкершілік болып саналмайды.

«Сонымен қатар, полиция органдарына өтініш келіп түскеннен кейін ҚР ӘҚБтК–нің 449-бабы бойынша таксистер тарапынан жеке басын анықтауға және жасалған іс-қимылдарына арналған іс-шаралар кешені өткізіледі», - деп атап өтті авиациялық көлік прокуратурасының прокуроры Абай Сыдықов.

Мәселені шешу барысы Алматы қаласының туризм жөніндегі кеңесінің келесі отырысында қаралатын болады.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер