astana-view

Фермерлер субсидиясыз қалды: АШМ ақпараттық жүйені әлі толық қоспады

2023 жылғы 17 Мамыр
6484 просмотров

Шаруалар әлі де субсидия ала алмай отыр. Өйткен Субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде кейбір фермер өтінім бере алмайды. Ал Ауыл шаруашылығы минстрлігінің басшылығы портал осы жылдың 10 мамырына дейін толық жұмыс істеуді деп уәде берген.

Салалық министрлік ресми сайтында фермерлерден берілген өтінімдер бойынша статистиканы хабарлап отырады (https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/552770?lang=ru ), алайда бірқатар фермер мемлекеттік қолдау шараларынан қалыс қалып отыр.

Парламент Мәжілісінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі аграрлық комитеті отырысының аясында Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшылығы бұл жүйе осы жылдың 10 мамырынан бастап еліміздің барлық фермері үшін қолжетімді болатынына сендірді. Алайда, қаржы жылының жартысы өткеннен кейін пайыздық мөлшерлемені субсидиялауды қамтамасыз ету мәселелері шешілмеген күйінде қалып отыр. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер биыл 24% және одан жоғары коммерциялық мөлшерлеме бойынша қаржы ұйымдары алдындағы міндеттемелерді толық көлемде орындауға мәжбүр.

Қаржы ұйымы көп жағдайда қаражатты сырттан тартады. Сондықтан кассалық алшақтық тек фермерлерде емес, қаржы ұйымдарында да болады.

«Үш қатысушы да – фермер, қаржы ұйымы және ауыл шаруашылығының басқармасы да платформаның тұтқынына айналды. Сәуірде түзетілген қателер, мамырда қайта шығып жатыр.  Бізде мамырға тізімі шықпай жатыр, бұдан басқа биыл қаржы алған фермелердің өтінімі де шықпай тұр. Жеке өтеу кестесіне сәйкес төлемдер тоқсандық және айлық болып бөлінеді. Фермерлер және біз субсидияны қамтамасыз ету үшін өтінім берудің қағаз нұсқасына уақытша көшуге дайынбыз», – деп ұсынды Қызылорда облысының «Сырдария 1» кредиттік серіктестігінің төрағасы Алмат Абдуллаев.

Өкінішке қарай, қазір платфоманың проблемасы шешілмей тұр. Сала сарапшылары фермерлерді қаржыландырудың жеткіліксіздігі егіс науқанына кері әсер етеді деп алаңдайды.

 «Барлық бағыт бойынша техникалық қате бар. Бұл қателер қолдау шараларын алу үшін фермерлердің құжаттарының толықтығы мен сәйкестігіне байланысты емес. Оның үстіне, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау мәселесі өте өзекті. Өйткені фермер қаражат іздеуге мәжбүр, соның салдарынан кассалық алшақтық, төлемдерді кешіктіру, өсімпұлға ілігу, субсидиялау бағдарламасынан шығу сияқты проблемалар туындайды. Бүгінге дейін жүйеде «хабарлама» процесі жұмыс істемейді, яғни егер қарыз алушының өтеу кестесі өзгертілсе, онда жүйе өтінімді қабылдамайды. «Ұсыныстар» әлі берілмеген жаңа кредиттерді жұмыс органы да қабылдамайды. Өйткені жүйеде өтінім формасының өзі субсидиялау қағидаларында бекітілген формаға сәйкес келмейді. Пайдаланушылардан кемшіліктер туралы сигналдар келіп түскен кезде жедел шаралар қабылдау, оларды жедел түзету және қатені тек бір пайдаланушыда ғана емес, барлық жерде түзету қажет», – деп түсіндірді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Ербол Есенеев.

Ұлттық палата мен фермерлер бұған дейін жүйенің кемшіліктерін бірнеше рет көтерген. Алайда, салалық ведомство берген «уәдесінен» кешігіп жатыр.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер