astana-view

Алматы облысында қоғамдық тамақтану мәселелері талқыланды

2023 жылғы 17 Мамыр
- Алматы облысы
9911 просмотров

Бүгін Қонаев қалалық кітапханасының базасында СЭС және қоғамдық тамақтандыру субъектілерінің өкілдері қатысуымен семинар-кеңес өтті. Күн тәртібінде тамақтан уланудың алдын алу және қоғамдық тамақтану нысандарына қойылатын санитарлық талаптар туралы мәселелер қаралды.

Жиын аясында бизнес субъектілеріне қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарындағы алдын алу шараларының кешені таныстырылды.

«Жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың пайда болуы мен таралуын болдырмау үшін қоғамдық тамақтану орындарында профилактикалық шаралардың толық кешені қажет. Ол «Қоғамдық тамақтандыру объектілеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» ережелерімен реттеледі», - деп атап өтті Қонаев қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бөлімінің бас маманы Әлімжанова Асель Жомартқызы.

Сондай-ақ, кәсіпкерлерге жұқпалы аурулар мен тамақтан уланудың алдын алу бойынша негізгі санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралары туралы айтылды.

«Бизнес азық-түлік өнімдерін сатудың барлық шарттарын мүлтіксіз орындап, адам денсаулығы үшін жауапкершілікті ұмытпауы керек», - деп еске салды Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Чункунов Қуандық.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер