astana-view

Бизнесте жаңа биіктерге қалай жетуге болады?

2023 жылғы 18 Мамыр
- Ұлытау облысы
9491 просмотров



Бизнестегі жаңа биіктерді бағындыру үшін бірнеше маңызды қадамдар қажет: идея, мақсат, жүзеге асыра білу және жұмыста жаңа механизмдерді қолдану.

Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасында "Мен кәсіпкер"жаңа жобасының тұсаукесері барысында мемлекет кәсіпкерлерге тағы қандай қолдау шараларын көрсетіп жатқаны туралы айтылды. ӨКП салалық даму жөніндегі директоры Данияр Қалымов баспасөз конференциясының модераторы болды.



Спикерлер БАҚ-қа көптеген жаңа және маңызды ақпараттар ұсынды. Қаржылай емес қолдау бөлімінің сарапшысы Шолпан Қасымова "Кәсіпке Бағыт" бағыты туралы мәліметтер айтты. Жоба құзыреттілікке оқытуды және кәсіпкерлік әлеуетті арттыру үшін салалық (кәсіптік) оқытуды қамтиды. Оған шағын және орта бизнес субъектілері қатыса алады.

ЦРП консультанты Әсел Садуова әйелдер кәсіпкерлігін қолдау шаралары әйел кәсіпкерлерді Қаржылай емес қолдау алаңында жұмыс істеуді қамтиды, онда олар ынталандыру үшін бастапқы қызметтер ала алады, сондай-ақ қаржыландыру, гранттар мен лизингтерді тарта отырып, әйел кәсіпкерлерге арналған оқыту бағдарламаларына қатыса алады.
Бағдарламаны іске асырудың тағы бір құралы, жаңа бағыт —тәлімгерлік.

Мол тәжірибесі бар тәлімгер Орынкүл Сәдуақасова жаңадан келгендерге, тәжірибелі кәсіпкерлер, сондай-ақ барлық жерде алғашқы, үздік болғысы келетіндер үшін тәлімгерліктің айқын артықшылықтары мен мүмкіндіктерін атап өтті.

"Бір ауыл-бір өнім" жаңа брендінің құрылу тарихы туралы ОСОП бойынша кеңесші Айнұр Қасымова баяндады.

"Бір ауыл – бір өнім" жобасы Жапонияда 70-ші жылдары жобаның негізін қалаушы Морихико Хирамацумен енгізілген. Ол әлеуетті табиғи ресурстарды пайдалану арқылы ауылдағы экономикалық құлдырауды шешудің жолдарын тапқан. Бағдарламаның мәні мынада: бір ауылда сату мен кірісті арттыру мақсатында, сол ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін жақсарту үшін бизнес ретінде бір бәсекеге қабілетті және негізгі өнімді шығарады. Жобаның міндеттері: оқытуды және маркетингтік қолдауды ұсыну арқылы ОСО қатысушыларының әлеуетін күшейту, жергілікті халықтың табысын ұлғайту, өндірілетін тауарларды өндіру мен өткізуді жолға қою.

Баспасөз мәслихаты барысында БАҚ өкілдері кәсіпкерлерді оқытуға және бизнесмендердің өз ісінде жаңа деңгейге шығу мүмкіндігіне қатысты сұрақтар қойды.

Өңірлер мен ауылдардан жаңа бизнес-бастамаларды қолдау – кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың басты бағыттары бұған дейін де болған және жалғасады. Қарқынды дамып жатқан әлемдік бизнес саласына байланысты отандық ШОБ бәсекеге қабілетті және одан да жоғары биіктерге жету үшін өз жұмысын өзгертуі керек.


- Облыстың ШОБ-ты қолдаудың ұсынылған бағдарламалары мен құралдары кәсіпкерлерге өз әлеуетін кеңейту және бизнесте түрлі жолдарды қолдану арқылы өздерінің бірегей жолын табуға мүмкіндік береді, - деп атап өтті Данияр Мұхтарұлы әңгіме барысында.
 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер