astana-view

Жер пайдалану туралы келісімшарттардағы кемшіліктер жойылды

2023 жылғы 19 Мамыр
- Батыс Қазақстан облысы
5627 просмотров

БҚО Кәсіпкерлер палатасы Тасқала ауданында Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын ұйымдастырды.

Күн тәртібіне екі мәселе қойылды. Бірі – бизнес субъектілері жер құқықтық қатынастары саласындағы өздерінің құқығы мен заңды мүддесін іске асыру кезінде оларға қолайсыз жағдайлар жасауға жол бермеу, екіншісі – «Бизнеске жол» сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің жобасын іске асыру барысы туралы хабардар ету.

 Аудандық прокуратура жергілікті атқарушы органдардың жер заңнамасы саласындағы бизнес субъектілерінің құқығы мен заңды мүддесін сақтауы бойынша жүргізілген талдау нәтижесі туралы хабардар етті. Қадағалау органының қызметкерлері басқа аудандарда сияқты Тасқала ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің тапшылығы бар екенін атап өтті. Жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша фермерлерге ауданы 200 гектар жер телімдері жалға берілгені анықталды, ал жаңадан бастаған кәсіпкерлер үшін небәрі 5-10 гектар жер жеткілікті. Жалға алынған жердің негізгі ауданы (190-195 га) пайдаланылмай қалғанына қарамастан, кәсіпкерлерге бүкіл учаске үшін жер салығын төлеу немесе оның пайдаланылмаған бөлігі үшін жалдау ақысын төлеу міндеті жүктелді. Мұндай жағдай фермерлерді жерден бас тартуға мәжбүр етеді.

 Бизнес субъектілеріне ауданы 200 га жер учаскелерін беру кезінде Тасқала ауданының әкімдігі Жоғары тұрған әкімдіктің қаулысын және облыстық мәслихаттың шешімін басшылыққа алғанын атап өткен жөн.

«Бизнес субъектілерінің құқыҒЫ мен заңды мүддесін қорғау мақсатында аудандық прокуратура ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің меншікке немесе жер пайдалануға берілетін ең төменгі мөлшерін 5 гектарға дейін төмендету бөлігінде қолданыстағы НҚА-ға өзгерістер енгізуге бастамашы болды» – деп атап өтті аудан прокуроры Дәурен Тәжғалиев.

Сонымен қатар, қадағалау органының өкілі Тасқала ауданының жер қатынастары бөлімінің жұмысына қатысты тікелей сын айтты. Сын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді (10 жылға) ұзақ мерзімді жалға алу шарттарын жасасу кезінде ЖАО-ның олардың аяқталуының нақты күндерін көрсетпеуіне қатысты болды. Нақтылықтың болмауы жер пайдаланушыларды жаңа мерзімге келісімшарт жасау үшін бөлімге уақтылы хабарлау құқығынан айырды.

Бірінші мәселені талқылау нәтижесі бойынша кеңес жергілікті атқарушы органдарға, облыстық прокуратураға және БҚО Кәсіпкерлер палатасына бірқатар ұсыныс айтты.

«Бизнеске жол» жобасының іске асырылу барысы туралы хабардар ету кезінде кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес жоба іске қосылған сәттен бастап өңірлік палатаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаментімен өзара жұмысы кезінде 167 кәсіпкердің құқығы қорғалғанын атап өтті. Профилактикалық жұмыс шеңберінде бес жүзден астам кәсіпкерлік субъекті қамти отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы 37 кездесу өткізілді.

Сондай-ақ, сот талқылауының формасына айналған мемлекеттік органдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу фактілері айтылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің талдауына сүйене отырып, Кеңес кәсіпкерлердің құқығы жер қатынастары, мемлекеттік сатып алу және инфрақұрылым саласында жиі бұзылады деген қорытындыға келді. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет атына бизнес субъектілерін бақылау-қадағалау функциялары берілген мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттерінен қорғауды күшейту бойынша ұсынымдар енгізілді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер