astana-view

Павлодар облысы - сальмонеллезбен сырқаттанушылық бойынша Қазақстанда екінші орында

2023 жылғы 29 Мамыр
- Павлодар облысы
7201 просмотров

Халық арасында ішек инфекциясының таралуын болдырмаудың жолдары туралы Павлодар облысы кәсіпкерлер палатасында өткен семинарда ет өндіретін кәсіпорындардың өкілдеріне санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері айтып берді.


Оқыту Павлодар Ертіс өңірінде өндірілетін азық-түлік өнімдерін тұтынушылардың қауіпсіз тамақтануын қамтамасыз етуге арналды.

«Бізде өңірде жедел ішек инфекцияларымен сырқаттанушылықтың негізгі үлесі 14 жасқа дейінгі балалардың үлесіне тиіп отыр, шамамен 70 пайызға дейін жетеді», - деп атап өтті семинарда СЭБД өкілдері.

Эпидемиологтардың айтуынша, 2023 жылы мұндай жұқпалы аурулардың көбеюі наурыз және мамыр мерекелерімен байланысты болды: дәл осы айларда ауру саны артып, сәуір айында бұл көрсеткіштің төмендеуі байқалды. Сонымен қатар, тәжірибеге сүйенсек, мұндай сандар әдетте жазда, жаңа піскен жемістер мен көкөністер нарыққа шығып, суға түсу маусымы ашылған кезде артады.
2023 жылдың алғашқы төрт айында Павлодар облысында сальмонеллездің расталған жағдайларының өскені байқалды.

«Павлодар облысы республикадағы көшбасшылардың бірі. Біз Астанадан кейін екінші орындамыз», - деп атап өтті СЭБД.

Павлодар облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мен Кәсіпкерлер палатасы бірлесе отырып, тамақтан уланудың алдын алу және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша кәсіпкерлік субъектілері үшін ай сайынғы семинарлар өткізудің бірлескен жоспарын әзірледі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер