astana-view

Түркістан облысы мен Ташкент қаласының 2023-2025 жылдарға арналған ынтымақтастықты дамыту және кәсіпкерлікті өзара қолдау жөніндегі жол картасы әзірленеді

2023 жылғы 30 Мамыр
- Түркістан облысы
3689 просмотров

Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мен Ташкент қаласы Сауда-Өнеркәсіп палатасының жұмыс кеңесі өтті.

Күн тәртібі шеңберінде инвестициялау үшін әлеуетті тауашалар таныстырылды және ынтымақтастықтың негізгі бағыттары айқындалды.

Атап айтқанда, тоқыма кластерін ұйымдастыру, балық шаруашылықтарын ұйымдастыру, құрама жем, сүт өнімдерін, ет өнімдерін, былғары және былғары бұйымдарын өндіру, көкөністер мен жемістерді өңдеу саласы бойынша тәжірибе алмасу, инвестициялар тарту мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен қатар, экспорттаушылар тізімі және инвестициялық жобалар тізімін дайындау мәселесі айтылды.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының айтуынша, Түркістан облысы мен Ташкент қаласының 2023-2025 жылдарға арналған ынтымақтастықты дамыту және кәсіпкерлікті өзара қолдау жөніндегі жол картасын әзірлеу ұсынылды.

«Кеңес нәтижесінде Жол картасын әзірлеу, жауапты қызметкерлерді қосу арқылы WhatsApp мессенджерінде топ құру, экспорттаушылар тізімі және инвестициялық жобалар тізімін әзірлеу, Ташкент қаласында ұйым қызметкерлерінің кездесуін ұйымдастыруға шешім қабылданды», – деді Асылан Ибадуллаев.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер