astana-view

Алматы облысында агроөнеркәсіптік кешен саласы Кеңесінің отырысы өтті

2023 жылғы 07 Маусым
- Алматы облысы
9760 просмотров

Алматы облысында агроөнеркәсіптік кешен саласы Кеңесінің отырысы өтті. Жиын Алматы облысы әкімі орынбасары Батанов Алмастың қатысуымен болды.

Агроөнеркәсіптік кешен Кеңесі аграрлық кәсіпкерлердің проблемаларын шешу үшін бизнес-қоғамдастықтың мемлекеттік билік органдарымен өзара тиімді ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында құрылғанын атап өтті Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының төрағасы Чункунов Қуандық.

Күн тәртібінде ауыл шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер қаралды.

Алматы облысында 2023 жылдың 1 мамыр жағдайы бойынша экономикалық қызмет  түрлерінің жіктеуішіне сәйкес «Ауыл шаруашылығы саласы» бойынша 1632 Заңды тұлға, 26 500 жуық шаруа қожалықтары және жеке кәсіпкерлер тіркелген.

Кеңес саладағы жүйелі мәселелерді ҚР ҰКП орталық аппаратына жіберу туралы шешім қабылдады. Кәсіпкерлер жеңілдетілген несиелер мен субсидиялармен, банктердің кепіл саясатымен және тендерлермен байланысты мәселелерді атап өтті.

«Барлық кәсіпкерлерді белсенділікке, заң шығару жұмыстарына, консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысуға шақырамын.  Бірлескен күш-жігер, диалог арқылы ғана оң өзгерістерге қол жеткізуге болады», - деп түйіндеді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батанов Алмас.

 

Агроөнеркәсіптік кешен Кеңесінің  міндеттеріне

  • АӨК мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру;
  • Заңнамалық және ұйымдастырушылық шешімді талап ететін ауыл шаруашылығы саласындағы басым проблемаларды айқындау;
  • АӨК дамыту жөніндегі мемлекеттік органдардың бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге және іске асыруға қатысу жатады.

Еншілес ұйымдар

Серіктестер