astana-view

«Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасы жарияланды

2023 жылғы 15 Маусым
6054 просмотров

Дереккөз: тenderplus.kz

«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ҚР Қаржы министрлігінің «Ашық НҚА» порталында жария талқылау үшін «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының жобасы (бұдан әрі – заң жобасы) жарияланғанын хабарлайды.

Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының 43-тармағын іске асыру үшін әзірленді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 26 қарашадағы №2 жарлығымен бекітілген.

Заң жобасының мақсаты – мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру. Басымдықта сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің сапасы, сондай-ақ мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардың сатып алуын бірыңғай платформаға ауыстыру айқындалған.

Заң жобасына барлық ұсыныс пен ескертулерді мына электро поштаға a.alibekova@atameken.kz жолдауды сұраймыз.

 

 

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер