astana-view

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінде жаңа төраға

2023 жылғы 19 Маусым
- Ақтөбе облысы
6869 просмотров

Ақтөбе облысы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесінде жаңа төраға.

Кеңестің жаңа төрағасы болып Ұлан Ермекұлы Қозыбақов тағайындалды.

Ұлан Ермекұлы 1988 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Сүлеймен Демирел ат. университетті, С. Ю. Витте Мәскеу университетті, Қ. Жұбанова ат. АӨМУ, ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясың бітірген және Израиль СІМ-нің "Mashav" бағдарламасы бойынша оқудан өтті. Экономика ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2009 жылы "Қазпошта" Ақтөбе филиалының ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекші маманы болып бастады, әрі қарай Алматы қаласының Өңірлік қаржы орталығында жұмыс істеді.

Кәсіпкерлік қызмет 2012 жылдан басталды. Қазіргі уақытта "Вест СнабТорг" ЖШС директоры болып табылады. Белсенді қайырымдылық жұмыстарын жүргізеді.

Бірқатар алғыс хаттары бар, соның ішінде ҚР Президентінен.

Ақтөбе облысы Кәсіпкерлер палатасының Өңірлік кеңесінің мүшесі, Ақтөбе қаласы мәслихатының депутаты.

Айта кету керек, Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңес кәсіпкерлік субъектілерінің құқығы мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мен қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселелерді жедел әрі жүйелі шешу мақсатында құрылған.

Кеңестің негізгі міндеттері:

- кәсіпкерлер құқығын және кәсіпкерлік қызметтің бостандығын қорғау;

- мемлекеттік органдар мен мекемелерге кәсіпкерлер құқығын бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы ұсыныстар беру т.б.

Кеңес құрамына жергілікті атқарушы және қадағалау органдарының өкілдері, депутаттар, бизнес және БАҚ өкілдері енгізілген.

Кәсіпкерлер құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселелері бойынша "Атамекен" өңірлік палатасына Ақтөбе қ, Сәңкібай батыр даңғылы, 22К, 202 каб мекенжайы бойынша жүгіне алады. Байланыс нөмірлері: +7 (7132) 744-607, 744-606, 744-608.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер