astana-view

Райымбек Баталов СҚО әкіміне инвестициялық жобалардың интерактив картасын таныстырды

2023 жылғы 25 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
5693 просмотров

Райымбек Баталов Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Айдарбек Сапаровпен кездесті. Кездесуде Ұлттық палата өнеркәсіпке инвестиция тартуға ерекше назар аударатынын атап өтті. ҰКП басқарма төрағасы өңір басшысына интерактив карта және инвестициялық жобалардың тізілімін таныстырды.

«Қазіргі кезде «Атамекен» ҰКП инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі жүйесін жетілдірумен айналысып жатыр. Үкіметпен бірлесіп біз интерактив инвестициялық картаны, инвесторлардың цифрлық тізілімі және әр өңір үшін инвестициялық жобаларды қамтитын портал әзірлеп жатырмыз. Портал нақты уақыт режимінде инвестициялық жобалардың іске асырылуын бақылауға мүмкіндік береді. Онда процеске қатысушылардың жауапкершілігі, оның ішінде белгіленген жоспарлардан ауытқу себептері жазылады. Қазір картаның прототипі әзірленіп, ҚР Сыртқы істер министрлігінің инвестициялар комитеті ұсынған жобалар жүктелді. Инвестициялық жобаларға ірі және орта кәсіпкерлік субъектілеріне сауалнама жүргізілді. Оның қорытындысы бойынша қосымша 276 жоба анықталды», – деді Райымбек Баталов.

 Облыс әкімі Айдарбек Сапаров мұндай карта кәсіпкерлерге ғана емес, мемлекеттік органдарға да пайдалы болатынын атап өтті. Өйткені карта көмегімен мемлекеттік органдардың түрлі министрліктерге жіберетін есептер саны азаяды. Өңірдегі мал шаруашылығын қолдау және одан әрі дамыту мәселелерін талқылай отырып, өңір басшысы Палатаның мал шаруашылығы бойынша біліктілік мектебін ашу жөніндегі бастамасын қолдады.

 «Өңірде шешімді қажет ететін мәселелер әлі де бар. «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, оларды шешеміз деп ойлаймын», – деді Айдарбек Сапаров.

«Атамекен» басшысы солтүстік өңірге жұмыс сапарын аяқтай отырып, Палатаның салалық кеңестерінің мүшелерімен кездесті. Олармен экономиканың түрлі салаларының жүйелі проблемаларын талқылады. Райымбек Баталов бизнестің барлық мәселесі назарға алынып, салалық басқармалар мен өңірлік палата басшылығының бақылауында болатынына сендірді.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер