astana-view

СҚО-да мал өсіру мектебін ашу ұсынылды

2023 жылғы 25 Шілде
- Солтүстік Қазақстан облысы
10141 просмотров

 «Атамекен» ҰКП төралқа төрағасы Райымбек Баталовпен кездесуде СҚО фермерлері осындай ұсыныс айтты.

Солтүстік өңірге сапары барысында «Атамекен» басшысы Қызылжар ауданындағы сүт-тауар фермаларына барып,  «Северный бройлер» ЖШС кәсіпорнының жұмысымен танысты. Онда жергілікті тауар өндірушілермен кездесті. Бұл құс фабрикасы өндірісте антибиотиктерді пайдаланбайды. Осылайша сатып алушыға қолжетімді бағада экологиялық таза өнім ұсынады.

 Кездесуде өңірде орналасқан мал шаруашылығы институтын облыс басқармасына беру қажеттілігі туралы мәселе көтерілді. Осылайша, фермерлер біздің өтінішіміз ескеріледі дейді. Фермерлер шетелдік мамандардан кеңес алу және тұқым сатып алудың қажеті болмас үшін Қазақстандағы ғылым өндірістен ажырамауы керек екенін атап өтті. Ескі кадрларды сақтап, білікті жас маандарды дайындау маңызды.

 «Үлкен буын кетеді, жұмыс істейтін маман болмай қалады», – дейді олар.

 Институт базасында кәсіпкерлер фермерлер өзі үшін мамандар дайындай алатын мал шаруашылығы мектебін ашуды ұсынды. Райымбек Баталов бұл идеяны қолдады.

 «Бизнестің бұл бастамасын Үкімет және Ауыл шаруашылығы министрлігіне пилоттық жоба ретінде ұсынамыз. Бұл бизнестің қалауы», – деді спикер.  

Кездесуде СҚО Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшесі, «Ақселеу» ЖШС директоры Серік Малаев қазіргі кезде кәсіпорындары ауылдық округтерде, ал кейбіреуі тіпті облыс аудандарында жүйе құраушы болып отырған шауалардың көпшілігін толғандыратын өзекті мәселені көтерді. Бұл проблема жер үлесі бар құрылтайшылардың серіктестік құрамынан шығуына байланысты. Бұл жайт кәсіпорынның дамуына ғана емес, тұтас елдемекеннің дамуына балта шабады. Осыған байланысты кәсіпкерлер осындай агроқұрылымдардың құрамынан ақшалай сыйақымен шығуға мүмкіндік беретін жер заңнамасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс жасады.

Мұндай ұсынысты Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ғана емес, жергілікті билік өкілдері де қолдады.

«Атамекен» Төралқасы төрағасы атап өткендей, бұл мәселені орталық аппарат Үкімет деңгейінде белсенді талқылап жатыр.

 

 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер