astana-view

Ұлттық палата Қытай және Қазақстан бизнесіне бірлескен жобаларды іске асыруға көмектесуге дайын

2023 жылғы 15 Тамыз
8303 просмотров

Премьер-министрдің орынбасары – ҚР сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин мен «Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Райымбек Баталов бастаған қазақстандық делегация жұмыс сапармен Қытайға барды.

Сапардың мақсаты – екіжақты ынтымақтастықты нығайту, екі елдің экономикасын дамыту және тауарлар мен қызметтерді ілгерілету үшін өзара тиімді шешімдерді іздеу.

Делегацияны Шэньчжэ́нь қаласы муниципалитетінің үкіметі қарсы алды. Кейін жетекші қытайлық компаниялардың қатысуымен дөңгелек үстел және «HPY» компанияның басшылығымен кездесу өтті. «HPY» компаниясы кенді сұрыптауға арналған жасанды интеллекті бар машиналарды әзірлеуге және өндіруге маманданған, жасанды интеллекттің озық технологияларын қолданады. Тараптар ынтымақтастық және ақпарат алмасу туралы уағдаласты.

Әрі қарай бизнес-форум өтіп, онда 100 түрлі қытайлық компания таныстырылды. Форум барысында Қытай бизнесі үшін Қазақстанның инвестициялық және іскерлік мүмкіндіктері таныстырылды.

Форум барысында Райымбек Баталов Қытай сауда, инвестициялар, технологиялар саласындағы қазақстандық бизнестің ең ірі іскер серіктестерінің бірі екенін атап өтті. ҚХР-мен экономикалық кооперацияның ең өзекті бағыттарының қатарына инвестициялар, азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы, шикізат секторы және тау-кен саласы, соның ішінде түсті, сирек және сирек жер металдарын өндіру мен өңдеуді дамыту саласындағы ынтымақтастық жатады.

«Қытайдан Қазақстанға инвестиция ағыны тұрақты жоғары деңгейде. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанға Қытай инвестициясының көлемі 1,4 млрд долларды құрады. Бұл Қазақстанға шетелдік инвестициялардың жиынтық көлемінің 5%-ын құрайтын ауқым. Бізде көптеген тиімді жобалар болатынына сенімдімін және «Атамекен» ҰКП қытайлық және қазақстандық бизнеске жобаларды бірге жүзеге асыруға көмектесуге дайын екеніне сендіргім келеді», – деп атап өтті Райымбек Баталов.

 «Атамекен» ҰКП  қазіргі кезде Бүкілқытайлық өнеркәсіп және сауда федерациясы, Халықаралық саудаға жәрдемдесу жөніндегі Қытай кеңесі (CCPIT) және Шетелдегі кәсіпорындарды дамыту жөніндегі Қытай қауымдастығымен (CODA) ынтымақтастық орнатқан. Сондай-ақ Ұлттық палата екі елдің бизнес өкілдері арасындағы өзіндік дәнекер болып отыр.

Қазақстан экономиканың түрлі салаларында, атап айтқанда, суды үнемдеу тиімді цифрлық шешімдерді енгізуге мүдделі және Қытайдың бұл бағытта тәжірибесі мол. Мысалы, ауыл шаруашылығында фермерлер суармалы сумен проблемаларға тап болады. Қытай жаңа агротехнологиялар мен суды үнемдейтін жабдықтарын қолдану өнімділікті арттыруға көмектеседі. Форумда қытайлық компаниялар Қазақстанмен ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. Қытайлық қызықты жобалардың ішінде жасанды интеллектті қолданумен қоса, жаңа IT технологиялар бар.

   Шэньчжэ́нь қаласынан кейін  делегация Цзинань қаласына аттанады, әрі қарай Бейжің қаласында жұмыс жалғасады.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер