astana-view

Алматыда кәсіпкерлерге қызмет көрсететін көпфункциялы орталық ашылды

2023 жылғы 17 Тамыз
- Алматы қаласы
6929 просмотров

Оңтүстік Астанада алғаш рет Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін көпфункциялы орталық өз жұмысын бастады. Онда мемлекеттік, банктік, сервистік және қаржы институттарының қызметтерін қоса алғанда, заңды тұлғаларға арналған 800-ден астам қызмет көрсетіледі. 

Көпфункциялы орталық Жібек жолы даңғылы, 135   (Амангелді көшесінің қиылысы), 2-блок, 8-қабат мекенжайында орналасқан. 

Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін көпфункционалы орталықтың ашылу салтанатына Өңірлік кеңес мүшелері, бизнес-қоғамдастық, Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты.

  «Кәсіпкер үшін ең құнды ресурс – оның уақыты. Біз бизнес үшін анағұрлым тиімді алаңды құрғымыз келеді. Мұнда салық мәселелерін  шешуге, банк менеджерімен кеңесіп, сервистік қызметтердің толық спектрін алуға болады. Орталықта кәсіпкерлер салықтық және бухгалтерлік есепті тапсыру, заңды тұлғаны тіркеу, жылжымайтын мүлік жөніндегі құжаттарды заңдастыру, қызметкерлерге уақытша тұруға рұқсат алу және басқа да қызметтер көрсетіледі», – деп атап өтті Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Нариман Ибрагимов.

Айта кетейік, бұл еліміздегі кәсіпкерлерге қызмет көрсететін үшінші орталық. Осыған ұқсас екі орталық елорда мен Шымкент қаласында пилоттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Алматыда кәсіпкерлер әзірге жаңа орталықтың мүмкіндіктерін бағалап, танысып жатыр.

«Өте ыңғайлы, барлық қызмет бір ғимаратта. Палатаға әдетте СТ-KZ сертификаттарын рәсімдеуге келемін. Кезегімді күткенше жолай кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына кіріп, салық есептілігін біліп, қандай да бір анықтама аламын. Кәсіпкерлерге арналған қызметтер спектрі артса, қайта қуанамыз», – деді кәсіпкер, орталықтың клиенті Марат Сейітов.  

Жыл сайын Алматы қаласы шағын және орта кәсіпкерліктің өсуі бойынша Қазақстанда бірінші орында. Бүгінде мегаполисте 380 мыңға жуық ШОБ субъекті тіркелген. Оның ішінде жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілері – 323 мыңнан астам. Бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңінен 39%-ға жоғары көрсеткіш. Енді олардың барлығы жаңа Кәсіпкерлерге қызмет көрсететін көп функциялы орталықта   «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ала алады.

 Еске салсақ, Кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің көпфункционалы орталықтарын ашу бүкіл ел ауқымында ашу жоспарланған. Жобаның басты мақсаты – бизнесті қалыптастырудың барлық кезеңінде: идеядан бастап жобаны толық іске асыруға дейін бизнес пен кәсіпкерлік бастамасы бар қазақстандықтарды кешенді сүйемелдеу.

Орталықтың жұмыс кестесі:

Дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-18:00 (түскі үзіліс – 13:00-14:00)  


Еншілес ұйымдар

Серіктестер