astana-view

"Мектепке жол" акциясы

2023 жылғы 29 Тамыз
- Ұлытау облысы
7985 просмотров

♦️Бүгін Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасында "Мектепке жол" акциясы өтті.
Акцияның мақсаты-білім алушыларға материалдық және өзге де көмек көрсету.  Барлық қайырымды азаматтар мен ұйымдар балаларға мектепке жиналуға көмектесті. 


♦️Ұлытау облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасының төрағасы Гүлмира Қаженова "Мектепке жол" акциясын жергілікті кәсіпкерлермен және Палата қызметкерлерімен бірлесе өткізгенін атап өтті.
♦️Жиналған қаражатқа дарынды балаларға арналған "Қарақат” студия-мектебінде оқитын балаларға оқу үшін мектеп киімдері мен керек-жарақтар сатып алынды.
Мұндай іс-шараларды өткізу балаларды қолдауға, оқуға ынталандыруға және қайырымдылықты дамытуға ықпал етеді.
♦️Барлық күш-жігер әр баланың оқуына лайықты жағдай жасауға және қоғамның қолдауын сездіртуге бағытталған.

 

 


 


Еншілес ұйымдар

Серіктестер