astana-view

ТҮРКІСТАН: ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2023 жылғы 22 Қыркүйек
- Түркістан облысы
4966 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының алаңында Өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің отырысы өтті. Келелі жиынды кәсіпкерлер палатасының директоры Асылан Ибадуллаев ашып, жүргізіп отырды. Күн тәртібінде дирекция мүшелерінің атқарылған жұмысы мен жоспарлары туралы есебі тыңдалды. Сондай-ақ, өңірлік кеңеске жаңа мүшелер сайланып, кәсіпкерлік палатаның аудандық филиал директоралары таныстырылды.

«Өздеріңізге мәлім ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев отандық бизнес өкілдерімен кездесуінде «Атамекен» ҰКП бизнес пен Мемлекет арасындағы тиімді диалогтың негізгі өзегі болуға тиіс екендігін айтты. Маңызды кездесуге өңірлік кеңес мүшесі, «Қайып ата» ЖШС бас директоры Сырым Ертаев та қатысты. Кәсіпкерлікті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру мен кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытындағы жоспарлы жұмыстар жалғаса береді. Кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес өкілдерін қолдауға әрдайым әзір», - деді палата директоры Асылан Сейілбекұлы.

Жиында сондай-ақ бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің пайыздың ставкасын 50 пайызға дейін төмендету бойынша мәселе көтерілді. Бөлшек салық ставкасын төмендету мәселесі өзекті болғандықтан барлық аудандық кеңестердің төрағалары атсалысып, аудандық, қалалық әкімдіктер, салық органдары және маслихаттармен бірлесіп жұмыс істеу ұсынылды.

Жалпы Түркістан облысында 200 000-нан астам шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген. Олардың ішінде басым бағыттары  ауыл шаруашылығы (86 714), сауда саласы (54 743) және өзге де қызмет көрсету салалары (31165) болып табылады. Жарты жылдық ақша айналымы 20 000 АЕК асатын болса қосымша құн салығын төлеуге міндетті. Қазіргі уақытта облыс бойынша 2738 кәсіпкер ҚҚС төлеуші болып табылады.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер