astana-view

Кедендік тексеру салық салудың құралына айналып барады – Ұлттық палата

2023 жылғы 23 Қазан
7637 просмотров

Мемлекет басшысы халыққа жолдауында елдегі кәсіпкерлік ахуалдың жай-күйін аса маңызды мәселе ретінде атап өтті. Оның айтуынша, билік пен бизнес арасында құрылымды диалог болуы керек. Ал мемлекеттік органдар өз жұмысында белгілі бір кемшіліктер мен ауытқуларға жол береді.

Қазақстанға шетелдік тауарларды жеткізумен айналысатын отандық кәсіпкерлер кеден органдары тарапынан бір айдан астам уақыттан бері тұрақты кедендік тексеру және жүктерді кедендік сараптау түріндегі ұзақ тексеру іс-шараларына қатысты барлық инстанцияға, соның ішінде Президент Әкімшілігіне шағымданды.  Өйткені тексерулер бойынша нақты бұзушылықтар анықталмайды. Бірақ бұл ретте бизнес тауарларды түсіру-тиеу, оларды уақытша сақтау қоймасында сақтау сияқты қызметтерді үнемі төлей отырып, артық қаржылық шығынды көтеруге мәжбүр.

Кәсіпкерлердің айтуынша, Мемлекеттік кірістер комитетіне жасалған өтініш оң нәтиже бермейді. МКК бас диспетчерлік басқармасы мен Ахуалдық орталығының лауазымды адамдары нақты сұрақтарға жауап бермеді және деректердің құпиялылығына сілтеме жасай отырып, жалпыға белгілі заңнамалық нормаларды ресми түрде қайталайды.

МКК-да кәсіпкерлердің құқығы мен заңды мүддесін қорғау шеңберіндегі мәселелерді шешуге ешқандай көмек көрсетілмейді. СЭҚ қатысушыларының ешқайсысы тексерудің заңдылығына қатысты жауап алмады.

Бұған қоса СЭҚ қатысушылары МКД лауазымды адамдарының қысымына шағымданды. Салық қызметкерлері тауарлардың кедендік құнын «сетка» деп аталатын баға ақпаратының іс жүзінде бейресми прейскуранты деңгейіне дейін көтеруді заңсыз талап етеді. Мұндай жоғары құн кәсіпкерлер бюджетке төлейтін кедендік төлемдер мен салықтардың мөлшерін автоматты түрде айтарлықтай өсіріп жібереді.

«Сетка» бағасынан бас тартқан жағдайда СЭК қатысушыларына ұзақ тексеру жүргізіліп, тауарды толық түсіріп, тауарды даналап санау, өлшеу сынды сараптамада жасалады. Салық салудың осындай практикасы заңсыз. Кедендік тексеру мен сараптама тек кеден заңнамасының нормаларына сәйкес қолданылуы тиіс», – деді ҰКП Кедендік әкімшілендіру департаментінің директоры Дина Мамашева.

ҰКП мамандары осы мәселелерді шешу үшін мынадай шараларды ұсынады:    

 - тексеру  кеден органдарының автоматтандырылған ТБЖ (тәуекелдерді басқару жүйесі) жүйесіне сәйкес тағайындау;

- жазбаша өкімдер мен нұсқаулар негізінде тексерулер жүргізуге тыйым салуды енгізу;

- тексеру жүргізу мерзімдерін барынша азайту;

- тексеру жүргізу мерзімдерін асыруға қатысты тыйым салу немесе қатаң бақыланатын регламент енгізу;

- егер бұрын жүргізілген тексерулер нәтижесіз немесе шамалы болса, компанияға қатысты тексеруді жүргізуді автоматты түрде болдырмау;

- тексеру жүргізудің саны, тиімділігі мен мерзімдері бағалануы тиіс кеден органдарының жұмысын бағалаудың рейтингтік жүйесін белгілеу;

- тексеру жүргізуге арналған қаржылық шығындар кеден органдарына жүктеу.

 Бұл ретте  ҰКП мамандарының Мемлекеттік кірістер комитетініне жасаған ұсыныстары  ешқашан қолдау таппайды. Нормативтік құжаттар қайта қаралмайды, тексеру жүргізу тәсілдері репрессиялық күйінде қалып, кәсіпкерлердің шығындарын ұлғайтып, кеден органдарына көптеген шағым мен ескертпе түседі.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер