astana-view

Фармацевтика саласындағы кәсіпкерлерге заңнамалық актілердегі өзгерістер түсіндірілді

2023 жылғы 26 Қазан
- Түркістан облысы
5408 просмотров

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы алаңында өңір аумағында фармацевтика саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге заңнамалық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру бойынша келелі кездесу өтті. Басқосуға ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті, «ОҚО Даму медициналық және фармацевтикалық ұйымдарының қауымдастығы ЗТБ», Түркістан қаласының прокуратурасының өкілдері қатысты.

 «ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 3 сәуірдегі №55 бұйрығымен ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2021 жылғы 4 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен бекітілген тиісті фармацевтикалық практика стандарттарына өзгерістер енгізілді. Атап айтқанда, тиісті дәріханалық практика стандарты (GPP) егжей-тегжей пысықталып, редакциялық түзетулер енгізілді. Сондай-ақ, қайталанатын талаптары бар тармақтар алынып тасталды», - деді «ОҚО Даму медициналық және фармацевтикалық ұйымдарының қауымдастығы» ЗТБ  директоры Хадиша Әлжанова.

Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасы стандарттарға өзгерістер енгізуге байланысты «ОҚО Медициналық және фармацевтикалық даму ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігімен бірлесіп аудандарда облыс дәріханаларының қызметіне өзгерістер енгізу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Аталған іс-шаралардың мақсаты кәсіпкерлерге мораторий мерзімі аяқталған соң оларға айыппұл салуды болдырмау үшін өзгерістер туралы хабарлау.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі


Еншілес ұйымдар

Серіктестер