astana-view

Кәсіпкерлердің құқығын қорғау шаралары жалғасын табады

2023 жылғы 07 Қараша
- Түркістан облысы
4160 просмотров

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі және «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы бизнестің құқығын қорғау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық шеңберінде «Бизнеске жол» жобасы іске асырып жатыр. Жобаның басты мақсаты – кәсіпкерлік қызметке, не оның дамуына кедергілер анықталған жағдайда оны шешу жолдарын қарастыру, бизнес өкілдерінің құқығы мен заңды мүддесін  қорғауға бағытталған шаралар қабылдау.

Түркістан облысының кәсіпкерлер палатасына түлкібастық кәсіпкер Гүлжазира Жақсыбаева жер мәселесі бойынша туындалған кедергілерге қатысты құқықтық көмек алу бойынша жүгінген. Кәсіпкер көтеріп отырған мәселенің маңыздылығы ескеріле отырып, мүдделі органдардың қатысуымен мәжіліс өткізілді.

Белгілі болғандай, қазіргі таңда кәсіпкер сотқа да арызданған. Даулы мәселенің түйіні заң аясында құзырлы орган өкілдері және сала мамандарының көмегімен өз шешімін табады. Жалпы осы жылдың 9 айында Өңірлік палатаға кәсіпкерлік субъектілерінен 197 арыз қаралып, оның 83-і бойынша кәсіпкерлердің 915 млн теңге көлемінде мүліктік құқығы қорғалған.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амированың айтуынша, жыл басынан бері кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарасы іс-қимыл кеңесінің 10 отырысы өткізіліп, онда бизнестің жекелеген және жүйелі 22 мәселесі көтерілген. Нәтижесінде, мемлекеттік және құзырлы органдарға жалпы 45 хаттамалық ұсыныс енгізіліп, оның 35-і оң шешімін тапты.


Еншілес ұйымдар

Серіктестер