Қытаймен визасыз режим нәтижесінде отандық бизнес не ұтады?
Бүгін Қазақстан мен Қытай арасында өзара визасыз режим күшіне енді. Отандық бизнес бұл жаңалықты оң қабылдады. «Атамекен» ҰКП сарапшылары отандық бизнесті қандай артықшылықтар күтеді және осы жаңашылдық нәтижесінде елдің ұлттық экономикасында қандай өсу болатынын айтты.
Туризм
Бірінші кезекте визасыз режим туристік салаға әсер етеді. «Атамекен» ҰКП Туризм департаменті директорының орынбасары Елена Михнова Қытай Халық Республикасымен шекара маңы туризмін дамыту мүмкіндіктерін және қытайлық туристпен Қазақстанның танымал туристік бағыттарын атап өтті.
Визасыз режим қазақстандық туристердің ҚХР-ға шығуын да, қытайлық туристердің Қазақстанға келуін де жеңілдетеді. Сондай-ақ, бұл шара қазақстандық бизнес үшін туристер мен туристік топтардың өзара тиімді алмасуын орнатуға тамаша мүмкіндік. Мұнда тек әуе маршруттарды ғана емес, автобус және автомобиль тасымалдарын да пайдалануға болады. Сонымен қатар, ең төлем қабілетті туристті тарту үшін авиарейстер санын көбейту және субсидияланатын чартерлік әуе тасымалдарды құру мүмкіндігін қарастыру қажет.
«Отандық туроператорлар қытайлық туриске 1,2,3-күндік және одан жоғары турларды ұсынады. Турлар 25-35-ке жуық туристік өнімді қамтиды, соның ішінде Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстарының ұлттық парктері бар», – деді Елена Михнова.
Ұйымдастырылған туристік сапарларға басымдық берілетіні атап өтілді. ҰКП екі елдің туроператорларын ынтымақтастыққа шақырады.
«Мұның бәрі жергілікті туризмді дамытудың драйвері болады және қандай да бір жолмен Қытайдан келген туристерді қабылдау, орналастыру, трансфер беру, тамақтандыру және бос уақытты өткізуге жұмылған өңірлер тұрғындарының табысы мен әл-ауқатын едәуір артады» –деп қорытындылады «Атамекен» ҰКП туризм департаменті директорының орынбасары.
Сауда
«Визасыз режим – екі жаққа да тиімді. Кейбір отандасымыз қытайлықтар жаппай қаптап кетеді деп алаңдайды. Бірақ олай болмайды. Өйткені бізде сондай ауқымды қабылдай алатын қонақүйлер, рейстер жоқ. Екіншіден, қытайлық туристі елге тарту үшін әлі күресу керек. Өйткені көрші елдің туристі тревэл-турға ең кемі мың доллар жұмсайды. Сол қаражатты алу үшін көптеген ел ҚХР тұрғындарын тарту үшін жақсы маркетингтік науқандарды жүргізіп жатыр. Біздің болжамымыз бойынша, Қытайдан Қазақстанға жылына 300 мыңға жуық турист келеді, ал Қазақстаннан Қытайға да сонша турист барады», – деді Еуразиялық туристік қауымдастықтың президенті, Explore Kazakhstan туроператорының директоры Рысты Қарабаева.
Сарапшының айтуынша, туристердің бұл саны да сауданы ынталандыру арқылы елдің экономикалық әлеуетін едәуір жақсартады, өйткені қытайлық туристердің орташа шығындарының шамамен 56%-ы шопингке кетеді.
Сонымен қатар, визалық талаптарды жою елдер арасындағы өзара сауданың пайызын арттырады, өйткені шекарадан өту оңай әрі арзан болады.
Логистика
Екі елдің арасындағы визасыз режим логистикалық компаниялардың жұмысын едәуір жеңілдетеді. Өйткені бұл бизнесті қағазбастылықтан және қаржылық жүктемеден босатады. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП Логистика және тасымалдау департаментінің директоры Ербол Талекенов мәлімдеді.
«Бұған дейін Қытай визасын алу қиын болды. Ал визаны «сұр» схемалар арқылы тез алу шамамен 400 мың теңгені құрады. Визаны ресми алу үшін 250 мың теңге және одан жоғары және 2-3 ай күту мөлшерінде мемлекеттік баж салығымен сүйемелденді. Ал визасыз жағдайда қазақстандық кәсіпкерлер келісімшарт пен жүк туралы ақпарат алып, Қытай жағына кедергісіз кіріп, жүкті әкете алады», – деді басқарушы директор.
Сонымен қатар, бұл шара логистикалық компанияларды қағазбастылықтан босатады. Қосымша құжаттар мен түрлі анықтамаларды алудың қажеті жоқ. Енді құжаттар тізімі тек төлқұжат және тауарға сертификатты қамтиды. Бұл ретте, спикердің айтуынша, келісім шеңберінде тауарлар мен адамдар шекарасынан қауіпсіз өтуді қамтамасыз ету үшін барлығы ескерілген.
Еске салсақ, Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы осы жылдың қаңтар-тамызында 19,0 млрд долларды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,6%-ға жоғары. Осы кезеңде Қазақстаннан Қытайға экспорт 2,2% - ға өсіп, 9 млрд долларды құрады. Қытайға экспорттың өсуі руда, уран, бидай, арпа, мырыш және табиғи газ сияқты тауарларды жеткізудің артуымен негізделген.
Пікір қалдыру:
Пікірлер: